Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыда мемлекеттік қызметтер сайтына шабуыл жасаған хакер ұсталды

Қарағанды қаласының тұрғыны мемлекеттік электронды қызмет көрсету саласында киберқылмыс жасады деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

КНБ кибератака

Фото: Ұлттық қауіпсіздік комитеті

Бұл туралы ұлттық қауіпсіздік комитеті мәлімдеді.

“2024 жылғы 30 қаңтарда Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура органдарының үйлестіруімен мемлекеттік электронды қызмет көрсету саласында киберқылмыс жасауда күдікті Қарағанды тұрғынын ұстады. Тінту кезінде 24 ұялы телефон, 4 жүйелі блок, 4 флеш-карта, 9 ноутбук, планшет алынды”, – делінген бейсенбіде тараған ақпаратта.

Алдын ала бағалауға сәйкес, залалдың сомасы 49 млн теңгеден астам болғаны айтылады.



“Қылмыстық кодекстің 207-бабы 3-бөлігі 2-тармағымен қарастырылған қылмыстық құқықбұзушылық белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліап жатыр. ҚР Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды”, – деп қосты ҰҚК.

Бұған дейін қытайлық хакерлер тобы Қазақстанның IT-инфрақұрылымының маңызды нысандарын екі жылға жуық бақылап келгені белгілі болған.

Талқылау