"Бірнеше рет ұрып, тістеп тастаған": Қарағандыдағы жеке клиникада соққыға жығылған медбике жұмысына оралды
Фото: Видеодан скрин
Қарағандыда жеке клиникада соққыға жығылған медбике Әсел Тасмагомбетова емделуден кейін жұмысқа оралды. Алайда оның денсаулығы әлі толық қалпына келген жоқ, ал күдікті ісі сотқа жетпей тергеу изоляторында отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
Әселдің айтуынша, оқиғадан кейін ол ұзақ уақыт өзіне-өзі қызмет көрсете алмады. Сол себепті ұзын шашын қиюға мәжбүр болған. Екі саусағы сынған, мойын омыртқасының өсіндісі сынып, миы шайқалған, денесінде көптеген көгерген іздер мен тістеген жара қалған. Оқиғадан бері үш жарым ай өтсе де, Асель әлі күнге дейін ауырсынуға қарсы дәрі қабылдап жүр. Коньки тебу мен фитнеске барудан бас тартуға тура келген, ауыр зат көтеруге болмайды, ал басын бұрғанда әлі де ауырсынады.
"Білегімдегі тістеген жер әлі жазылған жоқ, ол өмір бойы тыртық болып қалады. Мен оның мұны бірінші рет істеп отырғанына сенбеймін. Бұл істің соңына дейін жетіп, оның жасаған ісі үшін жазаланғанын қалаймын, себебі ол қоғам үшін қауіпті деп ойлаймын", – деді Әсел Тасмагомбетова.
Оқиға 16 шілде күні болған. Ер адам әйелімен бірге клиникаға келген. Дәрігер қабылдауын күтіп отырғанда ол қызметкерлерге арналған бөлмеге кіруге тырысқан. Әсел оған жол бермегенде, ер адам есікті сындырып, көз алдында отырған балаларына қарамастан медбикені бірнеше рет ұрып, тепкілеп, тістеп тастаған. Кейін ол психикалық денсаулық орталығына, ал 2 тамыздан бастап тергеу изоляторына орналастырылды.
Қарағанды облыстық полиция департаментінің ресми өкілі Бахытжан Құдияров мәліметінше, 42 жастағы күдіктіге қатысты қасақана дене жарақатын салу фактісі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр.
"Қазір ол уақытша ұстау изоляторында. Тергеу амалдары аяқталған соң, іс материалдары сотқа жіберіледі", – деді Бахытжан Құдияров.
Медбикенің денсаулығына орташа деңгейде зиян келтірілген. Асельдің айтуынша, күдікті қамауға алынғаннан кейін оның туыстары үйіне және жұмысына келіп, ақша ұсынып, арызын қайтарып алуды өтінген. Адвокат Ибрагим Садуақасов олардың жалғыз жолы жәбірленушімен татуласу екенін айтып отыр.
"Бірақ менің қорғауымдағы азаматша принципті ұстанымда отыр. Егер ол қазір кешірім берсе, күдікті жазадан мүлде құтылып кетуі мүмкін", – деді адвокат.
Медбикеге жасалған шабуылдан бір күн өткен соң дәл осындай жағдай Қостанайда да болды, науқас дәрігерді ұрып тастаған. Ол іс бойынша үкім шығарылып, ер адам алты айға колония-қонысқа сотталды. Ал Қарағандыдағы оқиға бойынша тергеу әлі жүріп жатыр. Күдіктіге қатысты сараптама тағайындалған. Қолданыстағы бап бойынша оған үш жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Атырау облысында белгісіз әйел зейнеткерге сірке қышқылын шашып алтын бұйымдарын ұрлап кеткен
Қостанайда науқасының шабуылына ұшыраған дәрігер айыпталушының жазасын қатаңдатуды талап етті
Еске салайық, бұған дейін Қарағандыда ер адам мейіргерге шабуыл жасап, салдарынан ми шайқалып, саусағы сынғаны туралы жазған едік. “Divera” емханасының басшылығы құқық қорғау органдарына шағым түсірді. Сондай-ақ іштей тексеріс жүргізді. Орталықтың қауіпсіздігін нығайтып, жауап хаттамаларын енгізу, бейнекамераларды кеңінен орнатып, қызметкерлерді науқастардың ашуына жауап беруге үйретуді қолға алмақ. Жәбірленуші Әсем Тасмағамбетова дене жарақатын ғана емес, психологиялық тұрғыдан жарақат алғанын және көмекке мұқтаж екенін айтты.
ТЭЦ-тің газға ауысуы Алматыдағы лас ауа проблемасын шеше ала ма: Сарапшылар мегаполистегі қалың тұмша неден түзілетінін талдап берді