Атырау облысында белгісіз әйел зейнеткерге сірке қышқылын шашып алтын бұйымдарын ұрлап кеткен

Фото: freepik.com
Атырау облысында белгісіз әйел II топтағы ерекше қажеттілігі бар зейнеткерге сірке қышқылын шашып, алтын бұйымдарын ұрлап кеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оқиға Жылыой ауданы, Қошқақыл ауылында болған. Белгісіз әйел II топтағы ерекше қажеттілігі бар әйелдің үйіне басып кіріп, оған сірке қышқылын шашқан. Содан кейін үйден алтын бұйымдарын алып, ізін жасырған.
Химиялық күйіктен зардап шеккен әйелдің көру қабілеті біршама төмендеген. Туыстарының айтуынша, ауыр жағдайына қарамастан әйелді тек қарап, үйіне жіберген.
Қазір полиция шабуылдаушының жеке басын анықтап, қылмыстың мән-жайын тергеп жатыр. Зардап шеккеннің туыстары істі ауыр денсаулыққа зиян келтірген тонау ретінде қарастыруды талап етуде.
Астаналық тұрғын ұлының Қазақстанда жоқ диагнозына ем таппай жүр
Бұндай диагноз Қазақстанның емдеу хаттамасында мүлдем жоқ.
«Қазақстан халқына» қоры енді құны 1 миллиард теңге тұратын Zolgensma препаратын сатып алуға көмектеспейді: Дертке шалдыққан балалардың ата-аналары алаңдаулы
Қазақстандықтар: "Миллиондаған ақшаны түрлі концерттер, қажетсіз дүниелерге жұмсағанша, әр балаға көмектессін!”