Қарағандыда зейнеткерге өзінің рұқсатынсыз вакцина "салған"
Қарағандыда зейнеткер вакцина ала алмаған, себебі деректер базасында әжейдің бұған дейін вакцина алғаны көрсетілген. Надежда Бражникова қан қысымы мен денсаулығындағы өзге мәселелерге байланысты вакцина салғызудан қорыққан екен. Бірақ ауруханаға келіп, өткен жылдың желтоқсанында екпе алғанын көрген ол қайран қалғанын айтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап.
"Ауруханада "Неліктен келдіңіз, сіз 2021 жылдың 15 желтоқсанында вакцина алғансыз" деді. Бірақ соңғы екі жылда, эпидемия басталғалы бері бірде-бір медицина мекемесіне барған емеспін", - дейді зейнеткер Надежда Бражникова.
Ресми деректерге сәйкес, Қарағанды облысында 664 мыңнан аса адам вакцина алған. Бұл жалпы тұрғындардың 74%-на тең. Денсаулық сақтау басқармасында мұндай оқиғаның алғаш болғанын айтты. Бұған дейін деректер базасына өзге адамның тегін немесе ақпараттарын енгізу секілді механикалық қателіктер болған екен. Алайда Надежда Бражникованың базадағы барлық мәліметтері сәйкес келген.
"Қазір жалған мәлімет енгізу бойынша тергеу жүріп жатыр. Егер дәлелденсе, барлық материалдар құзырлы органдарға беріледі. Егер науқас қаламаса, қателік бойынша арыз жаза алады. Біз бір күннің ішінде барлық мәліметтерді деректер базасынан өшіреміз", - деді Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасы қоғамдық денсаулық қызметінің басшысы Нұркен Тукеев.

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
