Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыдағы атыс: ер адамдар көлік тұрағын бөлісе алмаған

Қарағандыда көпқабатты үйдің автотұрағында тапа тал түсте атыс болды. Полиция бұзақыларды "құрықтау операциясына" кірісті. Автотұрақтағы екі адамға бірнеше рет оқ атып, жарақаттап қашып кеткендер әлі ұсталған жоқ. Ал аяқтарына оқ тиген екі жігітті дәрігерлер отаға дайындап жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

Атыс "GREEN CITY" тұрғын үй кешенінің ауласында болды. Дәлірек айтсақ көлік тұрағына бірнеше машина тоқтай қалып, олардан шыққан бұзақылар алдымен өзара айқаласқан. Кейін біреуі қарсыластарына үш рет оқ атқан. Енді біреулері пышақ ала жүгірген. Екі адамның жарақаттанғанын көрген соң, оқиға орнына қашып кетіпті.

Аяқтарына оқ тиген екі адам облыстық травматология орталығына жеткізілді. Оларға дәрігерлерді куәгерлер шақырған. Жарақаттанғандардың жасы 28-бен, 29- да. Жағдайлары орташа ауыр. Дәрігерлер науқастарды отаға дайындап жатыр.  

"Бір науқастың екі тізесіне, екіншісінің бір тізесіне оқ тиген. Естерін біледі. Оларды ота жасауға дайындап жатырмыз. Әрине арықарай сауығып кетулері ағзаға байланысты", - деді Ерік Шонбаев, Қарағанды облыстық травматология қызметі ахуалдық орталығының меңгерушісі.

Оқиғаға көп қабатты үйде орналасқан кеңсенің қызметкерлері куә болған. Бірақ олар жағдайды егжей-тегжей  баяндауға құлықсыз. Біреулері ер адамдар көлік тұрағындағы орынға таласты десе, енді бірі бұрыннан араздығы бар деді. Болған жағдай ауладағы бейне бақылау камерасына жазылған. Полиция бұл деректерді әлі зерттеп үлгермегендерін айтты.

"Аталған факт бойынша ҚК- ТІҢ 293 бабы 3- інші тармағы, яғни» қару қолдану арқылы бұзақылық жасау» бабы бойынша қылмыстық іс тіркелді. Қылмысты ашы күдіктілерді ұстау бойынша облыстық ішкі істер органдарының барлық жеке құрамына бағыттама берілді. Тергеу амалдары жалғасуда", - деді Жанатай Сембеков, Қарағанды облыстық ПД баспасөз хатшысы.

 Полиция жарақаттанған екі куәгерден түсініктеме алғанымен тергеу құпиясын алға тартып күдіктілер ұсталғанша еш ақпарат бермейтіндерін айтты. Бұзақылар жан- жақты іздестіріліп жатыр. Тіпті полиция қалада "арнайы құрықтау операциясына" кіріскен. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр