Отан алдындағы борышын өтеп біткен сарбаздар үйлеріне бір айдан бері қайта алмай жүр

Қарағандылық сарбаздар отан алдындағы борышының мерзімі бітсе де, бір айдан бері үйлеріне қайта алмай отыр. Бұған себеп карантиннің кесірінен пойыз бен автобус қатынастарының тоқтауы. Ұлдарын сағынған ата-аналар жауынгерлерді өздері алып кетуге дайын екен, алайда оларға рұқсат бермей жатқан сыңайлы, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның "Информбюро" жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап. 

сарбаз

Галина Жукова мен оның әскердегі ұлы

15 сәуір күні әскерден босатылған Галина Жукованың ұлы бір айдан астам уақыт өтсе де, үйіне орала алмай отырған көрінеді. Басында әскердің үйіне қайтуына еліміздегі ТЖ кедергі болса, енді пойыздардың жүрмеуі бөгет жасауда екен. Алғашында 15 сәуірге, артынан кейін 3 маусымға пойыз билетін сатып алған сарбаздың анасы карантиннің кесірінен бір жыл көрмеген ұлымды тағы қанша уақыт кездестіре алмай отырмақшымын деп налиды.

"Күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айырылдым. Тамағымнан ас өтпейді. Күйеуім екеуміз көлікпен баламызды алып кетуге дайынбыз. Бірақ бізге рұқсат бермей жатыр. Егер біз көліктен түспей, әскери бөлімге барып, баламызда алып кететін болсақ, қандай эпидемиялогиялық қауіп әкелеміз? " - дейді Галина Жукова. 

Шығыс Қазақстан облысында Мақаншы ауылының маңында орналасқан әскери бөлімде қарағандылық 59 әскерді үйіне жібермей жатқан көрінеді. Сарбаздың ата-аналары өз күштерімен балаларын алып кетуге дайын екен. Алайда мемлекеттік шұғыл штабы мен жауынгерлік бөлімнің басшылары қарағандылық әскерлерді бірыңғай транзитпен үйлеріне қайтарамыз деген шешімге келіпті. 

"3 маусым күні олар пойызбен Қарағандыға жеткізіледі. Бұл жағдай тұрғындардың карантин кезінде аймақтан аймаққа өтіп жүрмеуі үшін жасалып отыр", - деді Қарағандының шұғыл штабы орталығының өкілі Дархан Жиенбаев.

Галина Жукова алматылықтардың өз балаларын алып кетіп жатқанын естіп наразы болуда. Сөзінше, Алматыдағы эпидемиялогиялық жағдай Қарағандыныкінен күрделірек болса да, оларға сарбаздарды алып кетуге рұқсат берілген.

Өз кезегінде шекаралық әскери бөлім өкілдері алғашқы жүз сарбаз ғана автокөлік арқылы үйлеріне жеткенін, қалғандары пойыз қатынасы ашылғаннан кейін қайтарылатынын алға тартты. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр