Қарағандыда ер адам бұрынғы әйелі тұрмыс құрғаны үшін көпірден секірмек болды (видео)
Қарағандыда көпірден секірмек болған ер адамды жанынан өтіп бара жатқандар құтқарып қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

видеодан кадр
Полицияның мәліметінше, оқиға 25 маусым күні сағат 21.30 шамасында Бұқар жырау даңғылындағы көпірде болған. Өтіп бара жатқан адамдар 29 жастағы ер адамның көпірден секірмек болған жерінен құтқарып қалған. Кейін оны тәртіп сақшыларына тапсырған.
"Ер адамға қатысты әкімшілік іс қозғалды. Ол ішімдік ішіп алып, бұрынғы әйелінің тұрмысқа шыққанын естігеннен кейін осындай қадамға барған", – деді полиция қызметкерлері.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан