Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыда балалардың жаппай улануы: Комиссия бірнеше олқылықты анықтады

Қарағандыдағы әлеуметтік қызмет көрсету орталығындағы тексеру қорытындылары жарияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Patriot Telegram-арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

аурухана

Қарағанды облыстық әкімінің орынбасары Ермек Алпысовтың төрағалығымен комиссия балалардың тұру жағдайларын, төсек-орындары, медициналық көмек көрсету сапасы, өрт қауіпсіздігі және ас блогын тексерді.

"Комиссия құрамында болған санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің қызметкерлері ас блогындағы заңбұзушылықтарды анықтады. Онда жәндіктер табылды. Сонымен қатар ауыз су жуынатын бөлмеде болды. Бұл санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік ережелеріне қайшы келеді", – деді комиссия мүшесі.

Өрт қауіпсіздігінің бұзылғаны анықталды. Кейбір сымдар оқшауланбаған. Розеткалар қауіпті жерлерде болды.

Сонымен қатар комиссия балаларға арналған төсек-орынның дұрыс бөлінбегенін анықтады.

"Балаларды бірдей көлемде киім және төсек жабдықтарымен қамтамасыз ету нормасы бар. Денсаулығына байланысты жүрмейтін балаға арналған іш киім беру нормасы басқаша болады. Мұндай баланың төсек-орнын, жастық қаптарын жиі ауыстыру керек. Оған етік, аяқ киім қажет емес. Сондықтан комиссия бұл мәселені бейінді министрліктің алдына қою туралы шешім қабылдады", – деді комиссия мүшесі.

Еске салайық, 30 шілдеде Қарағанды облысының балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында балалар жаппай уланып, оның біреуі көз жұмған еді

Талқылау