Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыда балалардың жаппай улануы: әлеуметтік орталықтағы оқиғаға қатысты күтпеген дерек пайда болды

Қарағандыдағы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында балалардың жаппай белгісіз заттан улану оқиғасына қатысты күтпеген мәліметтер пайда болды. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі 31-арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

видеодан скриншот 

Оқиғадан алты күн бұрын қайтыс болған Әділ Омаровтың анасы сотта болған. Әлеуметтік орталық әкімшілігі оның үстінен ұлын асырауға алимент өндіріп алу туралы сотқа  берген.  Алайда апелляциялық шағым бұл айыпты алып тастады. Өйткені оның тағы бір мүмкіндігі шектеулі баласы бар. Марқұмның анасы енді басқа баласы үшін де алимент төлеймін бе деп алаңдайды.

 "Еңбек министрлігіне хат жолдадық, ол жақтан бізге алимент төлемеуіміз керек деген хат келді. Өйткені балалар мемлекеттің қарамағында және қолдауында. Міне, осылай үнемі сотқа барумен болдым. Алиментті кім алады деген басты сұрақ. Ол банкке аударылады, оны кім пайдаланады? Мен де, олар да пайдалана алмайды. Бұл не үшін сонда? " – деді марқұм болған баланың анасы Ильза Омарова.

Орталықтағы балалар еңбекке жарамсыз және өмір бойы солай қалады. Яғни олар бұл ақшаны ала алмайды. Ал әлеуметтік орталықтағы барлық тәрбиеленушілердің ресми қамқоршысы тек директор болады.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметі бойынша, психоневрологиялық диагнозы бар балаларға арналған мұндай мектеп-интернат – облыс бойынша жалғыз. 2014 жылы прокуратураның ұсынысымен ата-аналардан алимент өндіріп ала бастаған. Бүгінгі күнге дейін 6 ата-ана алимент төлеп жатыр. Бірақ осыған қатысты сот отырыстары әлі жалғасуда.

"Отбасы туралы Кодекске сәйкес, қамқоршы тарап  балаларға алимент төлеуді өндіріп алуға міндетті. Осыған сүйене отырып, орталық әкімдігі алимент өндіру үшін сотқа жүгінеді. Арнайы депозиттік шот ашылып, алимент төленеді, ақша осы депозитке жиналады. Әкімшілік пен директордың бұл қаражатты пайдалануға құқығы жоқ. Бұл қажет болса, жалпы балалардың болашағы үшін", – деді Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы Ерсін Сәкен. 

Кодекске сәйкес, ақшаны ерекше жағдайларда ғана пайдалануға болады. Әзірге мұндай оқиғалар болған жоқ және бірде-бір шоттан ақша алынбады. Дегенмен ата-аналардың алиментке қатысты шағымдары көп.

Арнайы мектеп-интернатта барлығы 160 оқушы бар, оның 11-і жетім, 99-ы ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және 50-нің ата-анасы бар. Бірақ олар өз еркімен балаларды орталыққа орналастыруға өтініш жазған. Балалар орталықта толықтай мемлекеттік қолдауымен тұруы тиіс деп есептейді ата-аналар.

Орталықтағы балалардың жаппай улануының себебі анықталған жоқ. Дәрігерлердің айтуынша, сараптама нәтижесі бір аптадан бір айға дейін созылуы мүмкін.

Талқылау