AAPL
165.35 $
-0.28 %
TSLA
864.51 $
-6.63 %
NDAQ
182.07 $
-0.39 %
GOOGL
117.47 $
-0.61 %
FRHC
56.91 $
-0.32 %
AAPL
165.35 $
-0.28 %
TSLA
864.51 $
-6.63 %
NDAQ
182.07 $
-0.39 %
GOOGL
117.47 $
-0.61 %
FRHC
56.91 $
-0.32 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыда 11 жасар бала құрылысы аяқталмаған ғимараттың лифт шахтасына құлап кеткен

Қарағандыда 11 жастағы бала салынып бітпеген құрылыс нысанының лифт шахтасына құлап кеткен. Ол ауыр жарақат алып, ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “ekaraganda.kz” порталына сілтеме жасап.

Полицияның мәліметінше, жазатайым оқиға 3 шілде күні күндіз болған. 11 жастағы бала қала орталығындағы құрылысы аяқталмаған ғимараттың лифт шахтасына құлап кеткен. Бала аман, алайда ауыр жарақат алған.

"Оқиға 3 шілдеде сағат 15:14-те орын алды. Құлағаннан кейін 11 жастағы бала медициналық мекемеге жеткізілді. Қазіргі уақытта сараптама тағайындалып, нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады", – деді Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

 



Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, бала облыстық балалар клиникалық ауруханасында жатыр. Жағдайы тұрақты ауыр.

Полиция қазір бұл оқиғаның қалай болғанын анықтап жатыр. Ғимарат толық салынбағаны белгілі. Ол жеке меншік болып табылады және профлистпен қоршалған. Бірақ жақын маңдағы үйлердің тұрғындары байқағандай, балалар кейде оның аумағына кіріп, сол жерде ойнайтын көрінеді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр