Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағанды облысында қарттар үйінің қызметкерлері 5 жыл бойы қариялардың зейнетақысы мен жәрдемақысын қалталарына басқан

Қарағанды облысы бойынша АФМ аумақтық департаменті "Qamqor" жедел алдын алу шарасы аясында 30 мүгедек және 60 зейнеткері бар қарттар үйі тұрғындарының зейнетақы төлемдері мен жәрдемақыларын ұрлаудың қылмыстық схемасын анықтады. Мекеме қызметкерлері 5 жыл бойы “Қазпочта” өкілдерімен келісе отырып, түскен қаражатты қалталарына басқан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Хабар 24” арнасына сілтеме жасап.

18 қаңтардағы жедел іздестіру іс-шараларын нәтижесінде қылмыскерлер ұрланған 1,3 миллион теңге ақшаны өзара бөлу фактісі бойынша жеке-жеке сотталды.  Бұл ақша іс жүзінде қаңтар айында 25 мүгедек пен зейнеткерге әлеуметтік төлемге арналған қаражат болатын.   

Аталған факті бойынша қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігі 3-тармағы бойынша қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.


Талқылау