Қарағанды облысында ер адам әйелін ұрып өлтірген
Қарағанды облысындағы Абай қаласында 35 жастағы ер адам әйелін ұрып өлтірген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қылмыс болған күні 10 жасар ұлдары әжесінің үйінде болған. Ал 13 жастағы қыздары өз бөлмесінде отырғанда, Ольганы күйеуі ұрып тастаған. Әйел қызының көз алдында жан тапсырды.
Марқұмның мәйіті 11 қазанға қараған түні пәтерінен табылған. Ал әйелдің өліміне қатысты 35 жастағы күйеуі қамауға алынды.
"Жедел-іздестіру шараларымен күдіктіні ретінде жәбірленушінің 35 жастағы күйеуі анықталды. Ол өз кінәсін мойындап, туындаған ұрыс-керіс салдарынан әйелге дене жарақатын салғанын айтты. Қылмыстық кодекстің 106-бабы 3-бөлімі “Абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соқтырған денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде", – делінген полиция хабарламасында.
Күдікті қамауға алынған. Алдағы уақытта оған қатысты бұлтартпау шарасы қолданылады. Әйелдің өлімінің нақты себебін анықтау үшін іс бойынша сараптама тағайындалды.