Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағанды облысында әкімнің орынбасары пара алды деп күдіктелуде

Қарағанды облысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі әкімдіктің лауазымды тұлғасына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады. Ол пара алды деп күдіктеліп отыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Кәсіпкерлерден пара алған: Ақмола облысында станция басшысына 18,7 млн теңге айыппұл салынды 

Ведомство мәліметінше, әкімнің орынбасарына қатысты іс бір тәулікте қозғалған.

Осылайша, Жаңаарқа ауданы әкімінің орынбасары-жер комиссиясының төрағасының пара алғаны әшкереленген. Ол жер телімін ұзақ уақыт жалға алуға рұқсат алу мәселесіне қатысты оң шешім шығарғаны үшін 200 мың теңге көлемінде пара алды деп күдіктелуде. 

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Сот күдіктінің кінәсінің деңгейін саралап, шешім шығаратын болады.

Талқылау