Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағанды хайуанаттар бағында арыстанның күшіктерін сатуға қатысты сот процесінде жаңа деректер айтылды

Қарағанды қаласының Қазыбекби аудандық сотында хайуанаттар бағының қызметкерлеріне қатысты сот процесі кезінде жаңа деректер белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com

Жергілікті "Патриот" парақшасының мәліметіне сәйкес сот залында мемлекеттік хайуанаттар бағының басшылығы сотталушылармен татуласқан. Енді мемлекеттік хайуанаттар бағы директорының орынбасары мен екі зообақ қызметкері бұдан былай Қылмыстық кодекстің 188-бабы "Бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру" бойынша сотталмайды. Тек 339-бап "Сирек кездесетін жануарларды заңсыз ұстау" қалды.

Алғашында полицейлер хайуанаттар бағының қызметкерлерін парамен ұстаған кезде жануарлардың әрқайсысы 3 миллион теңгеге бағаланған. Тергеу барысында тергеуші сараптама тағайындап, сарапшылар әр арыстан баласын 1 миллион теңгеге бағалап қойған. Алайда сотта айыпталушылар тәуелсіз сараптама жүргізуді талап етіп, кейін сарапшы арыстанның әр күшігін 278 мың теңгеге бағалаған.

"Бұл асыл тұқымды мысықтар мен иттердің құнынан арзан", – деп ашуланды интернет қолданушылары.

Бұдан бөлек прокурорлардың жануарларды қорғауға қатысты халықаралық конвенцияға сілтеме жасап, айыптауды күшейтті. Сөйтіп сот залында жаңа айыптау актісі дайындалып, алдыңғысының кері қайтарылып жатқаны айтылды.

Қазыбек би аудандық прокуратурасының прокуроры Фарида Садуованың айтуынша, Африка арыстаны жойылып бара жатқан жануар түріне жатады.



Еске салайық, мемлекеттік хайуанаттар бағы директорының орынбасары мен хайуанаттар бағының екі қызметкері екі жаңа туған арыстанның күшігін сатпақ болды деп айыпталды. Өткен жазда сәбилерді анасынан қорадан алып, сату үшін хайуанаттар бағының сыртына алып шыққан.

Талқылау