Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қар жауады: Еліміздің алты облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Еліміздің алты облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

Боран соғып, көктайғақ болады: Қазақстанның бірнеше облысына дауылды ескерту жарияланды

22 ақпанда күндіз Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар жауады деп күтілуде. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында баяу бұрқасын күтіледі. Облыстың оңтүстігінде күндіз тұман, көктайғақ күтіледі. Түнде оңтүстік-батыстан соғатын желдің шығыста, күндіз солтүстікте, облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады.

Петропавлда 22 ақпанда күндіз баяу бұрқасын күтіледі, оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с.

22 ақпанда түнде Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында, шығысында көктайғақ күтіледі. Аймақтың басым бөлігінде тұман күтіледі. Оралда 22 ақпанда түнде және таңертең тұман күтіледі.

22, 23 ақпанда Алматы облысының солтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі.

Атырау облысының батысында, солтүстігінде және орталығында тұман, түнде солтүстік-шығыста және облыс орталығында көктайғақ күтіледі. Атырауда 22-23 ақпанда тұман күтіледі.

22 ақпанда Ақтөбе облысының оңтүстігінде көктайғақ күтіледі. 22 ақпанда Қостанай облысының батысында аздаған қарлы боран күтіледі. Облыстың оңтүстігінде тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.

Мөлдір Төлебай
Дүйсенбі, 21 Ақпан, 2022 17:58
Талқылау