Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қар, жаңбыр мен көктайғақ болады": Синоптиктер еліміз бойынша алдағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады

Қазгидромет еліміз бойынша 28-30 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады. Аладағы күндері ел аумақтарында ауа райының тұрақсыз сипаты болады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: pixabay.com

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы екі күнде солтүстік пен шығыс аймақтарға солтүстік-батыс циклоны әсер етеді. Соның салдарынан қар, боран мен бұрқасын болжанады.

27 желтоқсаннан бастап елдің батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығыс аймақтарда циклонның әсерінен тұрақсыз ауа-райы болады. Бұл аймақтарда жауын-шашын (жаңбыр, қар) және көктайғақ болжануда.

Ал 28 желтоқсанда, кезекті антициклон сілемімен, елдің солтүстігінде күн ашылады. Дегенмен жел күшейеді.



Республика бойынша тұман болады.

Республиканың көп бөлігінде температура өзінің климаттық көрсеткіштерінен жоғары болып тұрғанмен солтүстік өңірлерде ауа температурасы түнде 7 -15-ке дейін, күндіз 5 -10 градус аязға дейін аздап төмендемек. Елдің қалған аумағында температуралық фонда айтарлықтай өзгерістер болжанбайды.

Талқылау