Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қар кеткенімен, Қаратау қартаймайды": Айтыскер ақынның айтқан арнауына Жүрсін Ерман жылап қалды

“Алтын домбыра” иегері Аспанбек Шұғатаев және бір топ айтыскер ақын Жүрсін Ерманның үйіне барып, ақынның жағдайын сұрады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Соңғы кезде ақынның денсаулығы сыр беріп, шетелде емделіп келген болатын

“Жеті ханды жетектеп жүріп таққа отырғызған, Бұқар жырау атамның жасына жетіңіз”, – деп арнау айтты. 

Айтыстың жүгін сүйреген ақын ағасы да Аспанбекті мақтады.

“Бір күнде үш-төрт айтысқа қатысса да арқасы қозатын, шаршамайтын ақын. Төсін жазып, ұзақ шабатын жүйрік айтыскерлердің бірі. Халықтың көкейіндегі мәселені дөп басатын қасиетін ерекше бағалаймын. Айтыссүйер ағайын Аспанбекті іздейді. Халық барда – сен барсың”, – деп жылы лебізін білдірді. 

Желі қолданушылары арнау тыңдап отырған аңыз адамның көзі жасына ерік бергенін байқаған. “Қанша ғұмыры қалды дейсің”, “Көз алдынан өткен өмірі келген шығар”, “Айтысты жүргізіп, сахнаға шығатын кезін сағынған болар” деген сыңайда пікір жазушылардың қарасы көп. 

Еске салсақ, Республика күні қарсаңында Жүрсін Ерман “Отан” орденімен марапатталған болатын. Марапаттау рәсіміне қатыса алмағандықтан, жауапты өкілдері ауруханаға әкеліп табыстаған. 

Талқылау