"Қар аралас жаңбыр мен аяз күтіледі": "Қазгидромет" демалыс күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады
Қазгидромет Қазақстан бойынша 14-16 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктердің айтуынша алдағы күндері күн суытып, елдің бірнеше аймағында жауын шашын болады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Мамандардың болжамынша, еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында аяз күтіледі. Алдағы үш тәулікте солтүстік-батыс, солтүстікте, шығыс пен орталықта, сондай-ақ Қазақстанның оңтүстік- шығысындағы таулы аудандарда қар аралас жаңбыр күтіледі.
16 қазанда Шығыс Қазақстан облысында қатты жауын-шашын болжануда.
Ал республиканың батысы мен оңтүстігік бөлігінде жоғары атмосфералық қысым әсерінен ауа-райы негізінен жауын-шашынсыз болады деп күтілуде. Қазақстан бойынша тұман мен желдің күшеюі болжануда.
Республиканың басым бөлігінде күндіз 10-20 градус, түнде еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жекелеген аудандарда 1-3 градус үсік күтіледі.
Талқылау

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
Алтынай: "Қазақстанда пәтер ақысы, несие, бала-шағаға айлықты жеткізе алмай қиналатынымыз рас”

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
Басқа қыздар да басынан өткен ұқсас оқиғаларды баяндады