Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қапшағайдан Алматыға жолға шыққан 26 жастағы жігіт жоғалып кетті

Алматы облысының тұрғыны Арман Құдышев 23 маусым күні Қапшағайдан Алматыға жолға шыққан. Содан бері ешқандай хабар жоқ. Бұл туралы әлеуметтік желілерде жарияланды.

rc4wsN3TKJE

Сурет: vk.com

26 жастағы Арман Құдышев Алматы облсының Қапшағай қаласында мерчендайзер болып жұмыс істейді. 23 маусым күні ол әріптестеріне Алматыға баратынын айтқан. Болжам бойынша, ол қалаға жол жөнекей көлік тоқтатып кеткен болу керек. Содан бері одан ешқандай хабар жоқ.

Әріптестері Арманның себепсіз жұмыстан қалмайтынын, тәртібі жақсы болғанын айтады. Арманның әпкесі Ақеркенің айтуынша, жұмысының басшылығы оны іздеуге ат салысып жатыр. Алайда, әріптестері де, туыстары да, полицейлер де Арман туралы ешқандай дерек біле алмай отыр. Жігітің өзімен қомақты қаражат болмаған. Оның өзімен тек құжаттары ғана болған екен.

Арман үйленбеген, ағасымен бірге Байсерке қаласында тұрады.

«Біз тек екі ағайындымыз. Ағам екеуміз ғана. Әкемнің ағасы бізге қолынан келгенше көмектесіп тұрады. Біздің басқа ешкіміміз жоқ», – дейді Арманның әпкесі Ақерке.

Жіберіп алмаңыз:

Клубтан шыққан күйі із-түзсіз жоғалып кеткен бойжеткеннің өлі денесі табылды

Алматы облысында жұмбақ күйде жоғалып кеткен медбикенің өлі денесі табылды

Талқылау