Қаңтар оқиғасы кезінде жараланған 14 полицей әлі ем алып жатыр
Ішкі істер министрлігі қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде бүлікшілер аяусыз ұрып-соғып, жарақат салған полицейлер мен әскери қызметкерлер жайлы айтты.
Алматы қаласында қарақшылардың қолынан Әуезов аудандық полиция басқармасының учаскелік инспекторы ауыр жарақат алды. Ол республика алаңында қоғамдық қауіпсіздікті сақтауға тырысқандардың бірі.
Тәртіпсіздікке қатысқандар полицейді аяусыз соққыға шығып, металл арматурамен мойын тұсынан ұрып, омыртқа жотасының мойын бөлігін зақымдаған.
Сондай-ақ, алған жарақатының салдарынан полицейдің екі бүйрегі істен шыққан. Ол қазіргі уақытта гемодиализ "жасанды бүйрек" аппаратымен өмір сүруде.
"Аталған полиция қызметкері дәрігерлердің бақылауында және оған кәсіби медициналық көмек көрсетілуде. Біздің қызметкеріміз – отбасының жалғыз асыраушысы", – деді ІІМ тергеу департаментінің басшысы Санжар Әділов брифинг кезінде.
ІІМ мәліметіне сүйенсек, сол күндері 3 мыңнан аса қызметкер жараланған. Олардың ішінде 58 қызметкердің денсаулығына сүйек сыну, оқ және пышақ жарақаты сынды ауыр зақым келген.
Қазіргі уақытта ауыр жараланған 14 полиция қызметкері ем қабылдауды жалғастыруда.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
