"Қаңтар оқиғасы кезінде әуежайды басып алу ісі": Әйгерім Тілеужанға жедел-жәрдем шақырылып, апелляция кейінге қалдырылды
Алматыда апелляциялық сот 2022 жылғы қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде Алматы халықаралық әуежайын басып алу ісі бойынша атышулы қылмыстық істі қарауды әлі де жалғастыруда. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: rus.azattyq.org
Іске қатысты сот отырысы онлайн режимде жүріп жатыр.
Іс бойынша басты сотталғандардың бірі журналист әрі белсенді Әйгерім Тілеужан сот залында болмады.
Оның кенеттен конъюнктивит ауруына шалдыққандықтан жедел жәрдеммен уақытша ұстау изоляторына жеткізілгені айтылды. Алайда бұл туралы адвокаттар да бірінші рет естіп отырғанын айтты.
Сондай-ақ айыпталушылардың адвокаттары әуежайды басып алуға қатысты апелляциялық шағым өтетін сот ғимаратына кіргізілмегені хабарланған болатын.
Сот журналист Әйгерім Тілеужанды кінәлі деп тауып, төрт жылға бас бостандығынан айырды. Белсенді Қалас Нұрпейісов 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Нұрлан Дәлібаев та 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Ермұхамет Шилібаев пен Жан-Айдар Кәрменов те сегіз жылға бас бостандығынан айырылды.
Бұған дейін 22 қыркүйекте полиция Әйгерім Тілеужанды сотта қолдаған белсенділерді ұстаған болатын.
Сондай-ақ осы жылы 5 қаңтарда бас прокурор Берік Асылов "Діни экстремистік ұйымдардың екі мүшесі Қалас Нұрпейісов пен Әйгерім Тілеужан Алматы әуежайын басып алған" деп мәлімдеген еді.