Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда жаңа оқу жылында оқушылардың қанша күн демалатыны белгілі болды

Оқу-ағарту министрлігі орта білім беру ұйымдарында 2024–2025 оқу жылының басталу мерзімін, ұзақтығын және каникул кезеңдерін бекітті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 


Фото: Freepik.com

Министрлік мәліметінше, орта білім беру ұйымдарында 2024 – 2025 оқу жылы 1 қыркүйекте басталып, 25 мамырда аяқталады.

“Бірінші тоқсанда оқу уақыты 8 апта. Күзгі каникул 28 қазаннан бастап 3 қарашаны қоса алғанда 7 күнге созылады. Екінші тоқсанда оқу уақыты 8 апта болды. Қысқы каникул 2024 жылдың 30 желтоқсанында басталады және 2025 жылдың 8 қаңтарын қоса алғанда күнтізбелік 10 күнге жалғасады”, – делінген хабарламада. 


181 мың талапкер, 79 мың грант: Қазақстанда білім беру гранты иегерлерінің тізімі қашан жарияланатыны белгілі болды


Сондай-ақ бірінші сынып оқушылары үшінші тоқсанда 2025 жылғы 10 ақпаннан 16 ақпан арасында, ұзақтығы 7 күн болатын қосымша демалыстар беріледі.

“Үшінші тоқсан 10 оқу аптасынан тұрады. Ал 11 күндік көктемгі каникул 2025 жылдың 21 наурызында басталып, 31 наурызды қоса алғанға дейін жалғасады. Төртінші тоқсанның ұзақтығы 8 оқу аптасын құрайды. 25 мамырда оқу жылы қорытындыланады”, – делінген хабарламада. 

Еске салсақ, бұған дейін қазақстандықтардың тамыз айында қанша күн демалатыны туралы жазған едік. 

Дана Русланқызы
Сәрсенбі, 17 Шілде, 2024 18:29
Талқылау