Қандай жағдайда референдум өтпеді деп саналады – Орталық сайлау комиссиясы түсіндірді

Орталық сайлау комиссиясы қандай жағдайда референдумды өтпеді деп танылатынын түсіндірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Комиссия төрағасы Нұрлан Әбдіров ереженің бәрі заңда жазылып, Конституцияда бекітілгенін айтты.
“Егер Конституция нормасына сүйенсек, референдумға сайлаушы тізіміне енгізілген азаматтардың 50%-дан астамы қатысуы тиіс. Ал әңгіме Конституция мәтіні туралы болғандықтан, қосымша талап та бар: елдегі өңірлердің кемінде үштен екісінде сайлаушылардың қатысуы 50%-дан жоғары болуы керек”, – деді Нұрлан Әбдіров.
Әбдіровтың сөзінше, егер дауыс беруге келгендердің 50%-дан астамы қарсы дауыс берсе, онда референдум өтпеді деп есептеледі.
Тыныштық күні мен референдум күніне қатысты шектеулер: Не істеуге тыйым салынады
Заңбұзушылықтарға қарсы қалай әрекет етеді?
Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Мұхтар Ерман заңнамада дәлелденген заңбұзушылықтар болған жағдайда жоғары тұрған комиссияның шешім қабылдауға мүмкіндігі барын айтты.
Ол 2022 жылы Алматыда болған жағдайды мысалға келтірді. Ол кезде бюллетеньдерді жаппай тастау әрекеті болуы мүмкін деген ақпарат тараған. Нәтижесінде аумақтық комиссия оқиғаға қатысы бар комиссия мүшелерін қызметінен шеттеткен.
Айта кетейік, бұған дейін Орталық сайлау комиссиясы дауыс беру күні сайлау учаскелерінде фото және видео түсіру тәртібін түсіндіргені туралы жазған едік.
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды