Қанат Исламның келесі жекпе-жегінің уақыты мен өтетін орны белгілі болды
Жеңілмеген қазақстандық орта салмақтағы боксшы Қанат Ислам рингке 2021 жылдың ақпанында оралуға ниетті. Жекпе-жек АҚШ-та өтеді.
BoxRec статистикалық ресурсының мәліметінше, 36 жастағы WBO International белбеуінің иегері Қанат Ислам келесі жекпе-жегін 2021 жылы 20 ақпанда өткізеді. Флорида штатындағы Майамидегі арена Исламның өнер көрсететін орны болады.
Қазіргі уақытта қазақстандық спортшының кімге қарсыласы болатыны туралы ақпарат жоқ. Қазақстандық спортшының қатысуымен тағы бір жекпе-жекті 2020 жылы мексикалық Хесус Гурролға қарсы өткізу жоспарланған болатын, бірақ іске аспады. Соңғы рет Қанат Ислам рингке 2019 жылдың қазан айында шықты.
Талқылау

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
Басқа қыздар да басынан өткен ұқсас оқиғаларды баяндады

"Қуыршақ секілді тістеп ары-бері сүйреді": Алматы облысында 10 жасар баланы иттер талап, сан еті мен құлағын жұлып алған
Екатерина істі сотқа жеткізіп, медициналық анықтамаларды жинап, кейін прокуратураға шағымданбақ