Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кәмелетке толмаған қыздармен неке құру заңдастырылмақ: БҰҰ қарсылық білдірді

Сомали парламенті кәмелетке толмаған қыздармен некеге тұруды және отбасылық келісім бойынша мәжбүрлі некеге құруды заңдастырмақ, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі New York Times басылымына сілтеме жасап.

БҰҰ шенеуніктері Африка елінің билігін жыныстық қылмыс туралы жаңа заң жобасын кері қайтарып алуға шақырды. Бұл заң кішкентайлардың некеге отыруына мүмкіндік берумен қатар, сексуалдық зорлық-зомбылық құрбандарын қорғауды шектейтін болады.

Сомали билігі 2013 жылы осы саладағы заңдарын жетілдіруге уәде еткенімен, парламенттің спикері алға жылжытылған заң шығарды. Сомали заң шығарушыларының өкілі БҰҰ-ның ескертулеріне қатысты нақты ештеңеге жауап берген жоқ. Заң жобасының кері қайтарылып алынатыны әлі белгісіз.

"Біз мұның ислам заңдары мен дәстүрлеріне сәйкес келуін тексергіміз келеді", - деді депутат Абдвели Муди бұл заң енгізілгеннен кейін.

2015 жылы жүргізілген зерттеу Сомалидегі жас әйелдердің 45 пайыздан астамының 18 жасқа дейін заңды немесе бейресми түрде некеге тұрғаны анықталды.

Құқық қорғаушылар бұл әрекеттерді заңдастыру аймақтың басқа штаттарындағы жағдайға теріс әсер етуі мүмкін деп қорқады. Шілде айында көрші Кенияда да осындай оқиға туралы белгілі болды. Үйленген 12 жасар қыз басқа ер адаммен күйеуінен қашып кетті. 

Талқылау