Камчаткада жер сілкінісінен кейін Еуразиядағы ең биік жанартау оянды

Фото: t.me/kbgsras
Камчаткада жойқын жер сілкінісінен кейін Еуразиядағы ең биік әрі ең белсенді жанартау атқылай бастады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жанартау Ключев шоқысы деп аталады. Ресей ғылым академиясының біріккен геофизикалық қызметінің аймақтық филиалы Ключев шоқысының батыс баурайынан лава ағып жатқанын хабарлады.
Шоқының басында жарқыраған жарық байқалып, жарылыс дыбыстары естіле бастаған.
Ресей ғылым академиясы аймақтық филиалының камералары жанартаудың атқылау сәтін түсіріп алған.
Ресейлік БАҚ-тың мәліметінше, Камчаткада жанартау етегінде бірнеше туристік топ жүр. Сонымен қатар кейбір туристер жанартаудың атқылауын көзбен көру үшін Камчаткаға жоспарланған сапарларынан бас тартпаған.
Еске салсақ, бұған дейін Камчаткада магнитудасы 8,7 балдық жер сілкінісі болғаны туралы жазған едік.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген