Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Камчаткада тағы жер сілкінді: Билік цунами қаупін жариялады

камчатка цунамиФото: pixabay.com

Еуразияның солтүстік-шығыс бөлігінде, Ресей аумағында орналасқан Камчатка түбегінде жер сілкінісі тіркелді. Өңір билігі цунами қаупін жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Солодов. Камчатка" арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Камчатка өлкесінің губернаторы Владимир Солодов өзінің Telegram-каналында жер сілкінісінің магнитудасы 6,3 болғанын мәлімдеді.

"Облыс орталығында діріл 4-6 балға сезілді. Цунами қаупі жарияланды. Халықтан, әсіресе Халактыр жағажайына және басқа да цунами қаупі бар аймақтарға барғанда ерекше сақ болуды сұраймыз", – деді облыс басшысы.

Мамандар әлеуметтік маңызы бар нысандар мен тұрғын үйлерді тексеріп жатыр. Қазір қирау немесе елеулі зақым туралы ақпарат жоқ.

Өңірлік төтенше жағдайлар басқармасы цунами толқындарының түбектің жағалауына жетуі мүмкін екенін ескертті, ең биік толқын – 120 метрге дейін – Маячный мүйісі мен Халактыр жағажайы маңында күтіледі. Халыққа жағалаудан алыс болу ұсынылды.

АҚШ Геологиялық қызметі де цунами қаупін жариялап, жер сілкініс магнитудасын 7,4 деп бағалады. Олардың мәліметінше, жер сілкінісі Петропавловск-Камчатскийден 111 шақырым қашықтықта болып, ошақ тереңдігі 39,5 шақырымда болған.


Бір тәулікте 146 афтершок болды: Камчаткада бес жанартау атқылады


Ауғанстандағы жер сілкінісінен кейін тәліптер әйелдерді үйінді астынан шығарудан бас тартты


Еске салайық, бірінші жер сілкінісі биыл 30 шілдеде Камчаткада болған магнитудасы 8,8 ірі жер сілкінісінен кейінгі афтершоктар болды. Сол кезде бұл Камчаткадағы сейсмофокальды аймақта 1952 жылдан бері ең күшті сілкініс болып, цунами Куриль аралдарын басып өтті. Солтүстік-Курильск қаласында порт пен "Алаид" балық өнеркәсіп кәсіпорны су астында қалған. Жарақат алғандар болған жоқ.

Айым Атамбаева
Сенбі, 13 Қыркүйек, 2025 10:35
Талқылау