Қамаудағы шетелдіктерге қонақ ретінде қараймыз – ХАМАС
ХАМАС-тың саяси бюро басшысының орынбасары Салех әл-Арури израильдік тұтқындарды палестиналық тұтқындарға айырбастайтынын, ал кепілге алынғандар жай қонақтар екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
ХАМАС-тағы тұтқындардың жартысынан көбінде шетелдік төлқұжаттар бар, олардың ішінде кем дегенде алтауы орыс деген ақпарат тарады.
"Біздің қамаудағы шетелдіктерге қонақ ретінде қараймыз. Ал сионистік (израильдік) тұтқындарды тұтқын болып отырған бауырларымызға айырбастаймыз", – деді әл-Арури.
Бұған дейін Ресей ХАМАС-ты барлық кепілге алынған адамдарды босатуға шақырды.
Осыған дейін ХАМАС екі израильдік азаматты босатқан.
Еске салайық, 7 қазанда ХАМАС Израильге шабуыл жасады. Лаңкестер Газа секторымен шекаралас Израиль қауымдастығына кіріп, жүздеген тұрғынды өлтіріп, адамдарды кепілге алды. Бұған жауап ретінде Израиль Газа секторына соққы бере бастады.
23 қазандағы мәлімет бойынша, ХАМАС шабуылы салдарынан Израильде 1400-ге жуық адам қаза тауып, тағы 222 адам кепілге алынған. Палестина билігі екі апта ішінде Газа секторындағы шабуылдардан 4000 мыңнан астам адам қаза тапты деп мәлімдеді.