"Қалжыңмен қағытады": Ләйлә Сұлтанқызы түрік актері Бурак туралы айтты

Ләйлә Сұлтанқызы қыздардың арманы болған танымал түрік актері Бурак туралы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Еуразия кино фестиваліне келген Бурак Өзчивитпен сұхбаттасқан Ләйлә Сұлтанқызы актер туралы айтып берді. Бурактың көрермендерінің көптігіне таңқалған тележүргізуші алдағы уақытта оның қазақстандық режиссерлермен жұмыс істеуге дайын екенін айтып берді. Сонымен қатар, актердің әзілге жақын, көңілді адам екеніне көзі жетіп таңқалған. Оған қоса, Ләйлә Сұлтанқызы қазақ актерлерін көріп бір мақтанып алуды да ұмытпапты.

"Ал енді Бурак Өзчивитке оралсақ. Өте қарапайым жан екен, қасындағылар көптен қорғаштағысы келгенімен, толған қыз ретін тауып селфилетті. Фанаттары сұмдық екен енді. Өзін жинақы ұстайды. "Қазақстан тарихи отаныма ұқсайды. Мұнда өз үйімдегідей сезінемін",- дейді. Ұсыныс болса, қазақстандық кинорежиссерлермен жұмыс істеуді қарастыруға болатынын айтып қалды. Ой, қалжыңмен кәдімгідей қағытады екен, кеш бойы езуімді жия алмадым. Қазақстанның актерлерін сұрағанда, Тәуекел Мүсілім мен Санжар Мәдиді көрсетіп, мақтанып алдым. Біздің елдің жігіттері жігіттердің төресі ғой, шіркін! Бой да, ой да бар", - дейді тележүргізуші.

Келген сыйлы қонақты асты-үстіне түсіп, ойдағыдай күтіп алған Ләйлә Сұлтанқызы өзінің қонақжайлығын айтып мақтанған. Астанада өзін туған үйінде жүргендей сезінген Буракты осылайша тележүргізуші риза қылып шығарып салды. 

"Қуыс үйден құр шығармайтын халықпыз ғой, менің оқырмандарымның атынан сәлем айтып, тәтті торттан дәм татқызып, отбасына азды-көпті сыйлық беріп, шығарып салдым. Бурак қазақстандық көрермендеріне, жалпы қазақ еліне қонақжайлығы үшін дән риза! Сіздерге де дұғай сәлемін айтты", - дейді Ләйлә Сұлтанқызы.

 

Комментарий тастау үшін сізге сайтқа ену керек
Комментариялар
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

1 қазанға дейін салық төлемегендерге айыппұл салына ма? Мемлекеттік кірістер комитеті жауап берді

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлер айыппұл есептелетіні туралы хабарлама таратылуда

Нұр-Сұлтанның дамыту орталығында 10 бала уланып ауруханаға түсті

Ата-аналар орталықтың дәретхана суы таза суға қосылып кетті деп айыптап жатыр

Дамаскідегі әл-Фараби кесенесі қандай қалыпта

Қазақстандық делегация Сирияның Дамаскі қаласына аттанды

Шариғат бойынша: Луина некесін мешітте қидырды

Өнер иесі орыстың келіні болды

Тимур Құлыбаев Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті болып қайта сайланды

Асқар Мамин: Бұл бұқаралық спорттың одан әрі дамуындағы маңызды қадам

"Құдайым-ай, неткен еркек": Димаштың "жүн басқан кеудесі" қыздарды естен тандырды

Жұрт әншінің жаңа образын жақтырмай қалды

Ғалымдар адамның ұзақ өмір сүруіне көмектесетін жемісті анықтады

Қытай ғалымдары арнайы зерттеу жасады

Адам суицидке жанын ауыртқан адамды жазалау үшін барады — психоаналитик

Анна Құдиярова адамдардың неге өзін-өзі өлтіретінін түсіндірді

6 жасар бала көз жұмған анасымен бірге 5 күн түнеген

Бала өте әлсіреп қалған күйде табылды

"Әжемнен дарыған қасиет": Айжан Нұрмағамбетова көріпкелдігі бар екенін айтты

Әнші көріпкелдердің байқауына қатысқан
Çàãðóçêà...