Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қалыңдықтың 15 жаста екенін білген той фотографы күйеу жігітті ұрып тастады

Түрік фотографы Онур Альбайрак күйеу жігітті ұрып, тойды тоқтатпақ болды.

Фотографты қалыңдықтың кәмілет жасқа толмағаны ашуландырды. Желі қолданушылары фотографтың әрекетін қолдады.

Фотографтың айтуынша, күйеу жігіт студияға жалғыз келіп, той суреттерін түсіруге тапсырыс берген. Қалыңдықты тек той кезінде ғана көрген. Той алдында қалыңдықтың қорыққанынан қолы дірілдей беріпті.

Фотограф күйеужігіттен қалыңдықтың жасын сұрайды. Ол қыздың 15 жаста екенін айтқан. Сол кезде Онур суретке түсіруден бас тартып, тойды тоқтатуды талап етеді. Күйеу жігіт оның келісімге отырғанын, сондықтан қызмет етуге міндетті екенін айтады.

Фотограф сол жерде күйеу жігітке жұдырық ала жүгірген. Бұл оқиға қоғамда қызу талқыланды. Онурдың өзі төбелесті ұнатпайтынын, бірақ осы жолғы әрекетін дұрыс деп санайтынын айтты.

Егер менен «тағы осылай жасайсың ба?» деп сұраса, «иә» деп жауап берер едім. Бала қалыңдықтар – зомбылық құрбандары. Оларды қалыңдық көйлегімен суретке түсіруге ешкім мені міндеттей алмайды», – дейді фотограф.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау