Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Күйеужігіт беташарда қалыңдығына елбасыға сәлем салғызды (видео)

Ғаламтор желісінде жас жұбайлардың үйлену тойынан үзінді видео тарап кетті.

1776574

Видео Инстаграм желісінің  dubsmash_kaz тобында жарияланды.

Сөз алған күйеужігіт қалыңдығына президентке сәлем салғызады. Қонақтар оны қолдай түсіп, қошемет білдіреді.

“Барлықтарыңызға рахмет. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) сөзі бар ғой “басшыларыңа бағыныңдар” деген. Сол себепті сіздердің қошеметтеріңізбен сіз бен біздің жанашырымыз, қазақ елінің жанашыры, тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа қалыңдығым арнайы сәлем салса деп едім”, – дейді күйеужігіт.

Осыдан соң қалыңдығы бірден иіліп сәлем береді.

Желі қолданушыларының біразы бұл көрініске оң бағасын берсе, енді бірі мұның жағымпаздық екенін айтып қалды. Кейбірі сол жерде өзі жоқ адамға не себепті сәлем салып тұрғанын түсінбеді. Енді бірі қалыңдықтың сәлемді дұрыс салмағанын айтып сынады.

Жіберіп алмаңыз:

Домбыраларын ауыстырып ұстап тұрып күй тартқан үш бала елді таңғалдырды (видео)

Жол сақшысы мың бұралып билеп тұрып көлік қозғалысын реттеді (видео)

Алматыда сарбаз ант қабылдау рәсімі кезінде сүйіктісіне ұсыныс жасады (фото. видео)

Талқылау