Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Домбыраларын ауыстырып ұстап тұрып күй тартқан үш бала елді таңғалдырды (видео)

Әлеуметтік желіде күйді төгілте орындаған үш өнерлі бала түскен видео пайда болды.

7778

Олар күйді әдеттегідей дара-дара емес, бірлесіп тартқан. Яғни, бір-бірінің домбыраларын ауыстыра ұстап тұрады. Видео kaztwitter Инстаграм парақшасында жарияланған.

Бірі екіншісінің домбырасының шанағын ұстаса, бірі тағы бір досының қолындағы домбыраны тартып отырады. Олардың бұл ерекше өнері желі қолданушыларын таңғалдырды.

👏👏👏

Публикация от 🇰🇿 Kazakhstan| Almaty | Video (@kaztwitter)

“Бастапқыда неге олай отырғандарын түсіне алмадым. Жарайсыңдар!”, “Үлкен сахнаға шығып өнерлеріңді паш етіңдер”, “Керемет жігіттер тіл-көзден сақтасын” деп пікірлер қалдырған.

Оқи отырыңыз:

Мөлдірдің туған жерге арнаған бейнебаяны тыңдармандарына ұнамай қалды (видео)

Жігер Ауыпбаев күзетші болып жұмыс істеп жүрген жерінен ұсталып қалды (видео)

Меруерт Түсіпбаева: 12 жыл ішіндегі барлық әнім хит болды

Әншілер Қазақстанның Тәуелсіздік алған жылын білмей ұятқа қалды

Талқылау