"Кальмар ойыны" фильмінің үлгісімен өткен кеште 8 адам қаза тапты
Панамадағы "Кальмар ойыны" үлгісімен өткен Хэллоуин кешінде 8 адам қаза тапқан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы 31 қазан күні TN News мәлімдеген.

Оқиға 29 қазан күні таңертең болған. Алдын ала болжам бойынша, екі жергілікті қылмыстық топ арасында атыс болып, салдарынан бес адам оққа ұшқан. Сондай-ақ тағы үш адамның мәйіті жақын маңдағы қоқыс тастайтын маңнан табылған. Жеті адам түрлі жарақат алған.
Прокурор Рафаэль Балойестің айтуынша, атыс бір адам "Лос-Галактикос" деп аталатын бәсекелес топтың мүшелеріне оқ атқаннан кейін басталған.
Қазіргі уақытта екі адам ұсталды, оның ішінде атыс кезінде қаза тапқандардың бірінің ағасы да бар.
- "Жүрек, бауыр, өкпесіз қалай қалғандарыңды сезбей қаласыңдар": Қытайда мыңдаған адамды ағзасын алу үшін "тапсырысқа өлтіреді"
- "Суицид жасауына себеп болуы мүмкін": Психологтар "Кальмар ойынының" балалар психикасы үшін қауіпті екенін мәлімдеді
"Болжам бойынша, ол бауырын қорғау үшін атыс қаруын қолданған болуы мүмкін", - деді прокурор.
Өз кезегінде полиция директоры Джон Дорнхайм қатысушылардың кейбірі бұрынғы қақтығыстардың салдарынан сотталғанын және оқ жарақатын алғанын айтты.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген