AAPL
149.32 $
0.46 %
TSLA
1018.43 $
-0.63 %
NDAQ
201.48 $
-0.01 %
GOOGL
2786.17 $
1.35 %
FB
315.81 $
-3.92 %
FRHC
66.35 $
-0.41 %
AAPL
149.32 $
0.46 %
TSLA
1018.43 $
-0.63 %
NDAQ
201.48 $
-0.01 %
GOOGL
2786.17 $
1.35 %
FB
315.81 $
-3.92 %
FRHC
66.35 $
-0.41 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Суицид жасауына себеп болуы мүмкін": Психологтар "Кальмар ойынының" балалар психикасы үшін қауіпті екенін мәлімдеді

“Кальмар ойыны” телехикаясы баланың суицид жасауына себепші болуы мүмкін. Мамандар осылай деп дабыл қағып отыр. Аз уақытта көпшілкке танымал болған жобаның негізінде әлеуметтік желілерде түрлі хэштегтермен миллиардтаған видео тарап жатыр. Әсіресе оған мектеп балалары әуестеніп, қатыгездікке итермелейтін әрекеттерді қайталап жүр. Қазір бүкіл әлем балалары бұл ойынды үзілісте ойнауды әдетке айналдырған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Жақында ғана жарық көрген кореялық "Кальмар ойыны" телехикаясы 9 бөлімнен тұрады. Қарызға белшесінен батқан 456 азаматтың қатысуымен болатын фильмде, адамдар әр ойын сайын қатыгездікпен өлтіріліп отырады. Әрбір эпизодтағы өлімнің түрлі сценарийлері әлеуметтік желілерде лезде трендке айналып  кетті. Бұған психолог мамандар қауіппен қарайды.

“Баланың ойыны деп айтады. Бірақ бұл баланың ойыны емес. Бұл адамның, баланың санасын улайтын ертеңгі күні жалпы халқымызға дерт болатын қауіпті ойын. Қауіпті ойын деп айтатын себебім бұл бірінші кезекте бейсаналы түрде адамның жан дүниесіне енеді. Және де өсе келе соған қадамдар жасайтын болады. Әлеуметтік желіде кеңінен таралған телехикая көрсетіліміне  ата-аналар да қарсы. Өйткені "Кальмар ойыны" сериалынан кейін балалар ондағы көріністерді есік аулаларында қайталап жүр”, – дейді психолог Камила Асыпқызы. 

Ал психолог Ұлмекен Сәндібектің айтуынша, жауыздыққа толы фильмді көрген бала оны өзі жасауы мүмкін. Себебі телехикая сюжеті өшпенділік пен өтірікке, қатыгездік пен сатқындыққа толы. Фильмнің соңы мейірімділік барлығын жеңеді деп көрсеткенімен оған дейінгі қорқыныштар жүйкеге қатты әсер етеді. 

“Бұл жердегі фильмнің басты мақсаты – қателессең өлесің. Басқа мүмкіндік жоқ. Қателікке жол жоқ деген түсінік балада қалыптасатын болса өте ауыр салдарға әкеп соғуы мүмкін”, – дейді ол. 

“Кальмар ойыны” желісінде құрастырылған ойын  да кез келген жеткіншекке қолжетімді. Ақша үшін қатыгездікпен жанын қиғандар бейнеленген ойын қазір балалардың сүйікті ермегіне айналған. Тикток пен инстаграмда  да трендке айналған кино эпизодтары толы. Өлім сәттерін қайталуға тырысқан жастар желіде танымалдыққа ұмтылып жатыр.

“Кальмар киносынан кейін, аулада балалар кәдімгідей сол ойынды ойнап жүр. Адам өлтіру олар үшін ойын сияқты да. Оларға ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін түсіндіру, әлі түсінбейді балалар. Сондықтан көрсетпеген дұрыс деп ойлаймын”, – дейді ата-ана.

“Фильм бүкіл әлемге танымал болғандықтан трендтен қалмау үшін көрдім. Ата-анам оған рұқсат берді. Телехикаядағы қызыл-жасыл түс ойыны қатты қызықтырды оны сыныптастарымызбен бірге күнде үзілісте ойнаймыз”, – дейді мектеп оқушысы Мадина Әлжанова. 

“Кальмар ойыны” сериалы балаларға қауіпті. Ұлыбритания ұстаздары ата-аналарға осындай ескерту хат жіберді. 

Ересектерге арналған телехикаяны балаларға көрсетпеу керек. Ата-аналар бұған өте мұқият болуы керек. Бұл тек атышулы дорамаға ғана емес, қатыгездік пен анайылықты насихаттайтын бүкіл контентке қатысты айтылған. 

“Кальмар ойыны” сериалының үзінділері әлеуметтік желілерде көп қаралып, қазіргі дейін 27 күннің ішінде 110 миллионнан астам қаралым жинап, Netflix платформасындағы ең танымал сериал атанды. Елімізде телехикаяның негізгі көрермендері Ақтөбе мен Маңғыстау облыстарында екені белгілі болды. Аталған өңірлер бойынша гугл трендтегі көрсеткіш 97 мен 100 баллды көрсетіп тұр. Қазақстанда әлі де “Калмар ойыны” сериалын көруге шектеу жоқ. Білім және ғылым министрлігі ата-аналар наразылық білдіріп жатса ғана, тыйым салу қарастырылатынын айтты. 

Әлемнің 90 елінде топ-10-қа кіріп үлгерген кино сценарийі 13 жыл бойы құрастырылған. Қомақты сыйлық үшін өмірін бәйгеге тіккендер жайында желі қолданушылар түрліше пікірлер айтуда. Бірі – өмір шындығы бейнеленген десе, енді бірі ешқандай астарсыз-ақ  жай ғана қызықты кино деп қарастыруда. Дегенмен, мамандар мұндай қатыгездікке толы кино сериалдар адам психикасына әсер етпей қоймайды дейді. Сондықтан қазірден бастап оған тосқауыл қою керек деп дабыл қағуда.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр