"Қалыңдық көйлегін кимеген": Мадина Сәдуақасова анасының туған күнін ерекше ұйымдастырды
Фото: https://www.instagram.com/sadvakasovamadina/
Танымал әнші Мадина Сәдуақасова анасының туған күнін ерекше деңгейде өткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесінің анасы 70 жасқа толды.
“Анашымның туған күнінде әдемі тілектер де, гүлдер мен сыйлық та өте көп болды. Сыныптастарым мектеп кезіндегі фотосын шығарып әкелді. Әнуар бастаған барлық немерелері “Асыл әжем” әнін орындады. Ырысбала сіңлім тойда шашу жасап, жаңа IPhone мен шапанын кигізді. Мақпал апай да аппақ шапан кигізіп, анам той бойы шешпей жүрді. Ата-анама Дубайға жолдама бергенде бәріміз таңғалдық. Осы күнге дейін ол жаққа бармапты. Әкем: “Осы екі бала Дубайға жібермегенде Эмиратты көрмес па едім” деді. Осы тойға келген, келе алмаған жандарға мың алғыс. Анам мен әкем үйленгенде тойлары болмай, анам ақ көйлек кимепті. 70 жасында анама арнап ақ көйлек тіктірдім. Осындай қуаныш сіздердің үйлеріңізде болсын”, – деп жазды әнші.
-
"Қамыс пен судың ортасында боламыз": Мадина Сәдуақасова отбасылық демалысын көрсетті
-
"Кептелісте сағаттап тұрмаймыз": Мадина Сәдуақасова ұлына мектебінің жанынан пәтер сыйлады
Еске салайық, Халық әртісі Мақпал Жүнісова өнер иесінің анасына 200 мың теңге бергенін жазған едік.
“Ақ шапан әкелгенім дұрыс болыпты. Өзіңізге жараса кетті. Тастамай киіп жүріңіз. 200 мың теңгені Мадинаға бердім. Ұнатқан сақинаңызды сатып аларсыз”, – деді Мақпал Жүнісова.

Әлеуметтік желіде танымал қала әкімі кім: Шымқала басшысы 109 мың, Петропавл әкімі 2 мыңнан аса адамға есеп береді
