Қалың қар жауып, көктайғақ болады: Синоптиктер алдағы күндердің ауа райы болжамын ұсынды
Синоптиктер Қазақстан бойынша 29 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Фронтальды учаскелердің әсерінен республиканың басым бөлігінде, оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі, тек республиканың орталық облыстарында ғана жоғарылаған қысым өрісінің әсерінен жауын-шашынсыз болады.
Республиканың оңтүстік-шығысында, оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде, солтүстік-батысында және орталығында тұман, солтүстікте көктайғақ, қар жауады, елдің солтүстігінде, солтүстік-батысында, шығысында, оңтүстік-шығысында жел күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысында жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз екпіні 25 м/с болады. Күндіз солтүстікте, батыста көктайғақ күтіледі.
Ақмола облысында шығыс пен солтүстікте синоптиктер 15-20 м/с жел соғады, күндіз солтүстікте көктайғақ болады деп болжайды. Павлодар облысының солтүстік-батысында жел 15-20 м/с-ке күшейеді.
Қостанай облысында солтүстікте және солтүстік-шығыста жел 15-20 м/с-ке күшейеді, таңертең және күндіз тұман түседі деп болжанды.
Жамбыл облысының таулы аймақтарында желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке жетеді, түнде және таңертең тұман түседі. Түркістан облысының тауларында тұман түседі.
Батыс Қазақстан облысында түнде және таңертең батыста, солтүстікте, Атырау облысында оңтүстік-батыста – тұман түседі. Қарағанды облысының орталығы мен шығысында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік бөлігінде түнде тұман түседі.

Қазақстандық блогерлер "лотереяға" тыйым салатын заңды айналып өтудің жолын тапты
