Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Минус 17-25°С-қа дейін суытады: Қазақстанда қараша айында ауа райы қандай болады?

Қазгидромет мамандары қараша айында ауа райы қалай болатынын болжады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Айдың бірінші жартысы жылы болады деп болжануда. Қазақстанның солтүстік жартысында ауа температурасының түнде -3+2°С-тан -8-13°С-қа дейін, күндіз +3+10°С-тан -2+3°С-қа дейін ауытқуы күтіледі. Республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында, шығысында және орталығында екпінді желмен жауын-шашын (көбінесе қар түрінде) бірінші онкүндіктің соңында, жиі айдың екінші жартысында күтіледі.


Қаңтарда минус 35-40°С аяз: Синоптиктер биыл Қазақстанда қыс қандай болатынын айтты


Көктайғақ пен тұман бір ай бойы жиі байқалады. Айдың екінші жартысының ең суық күндерінде термометр бағанасы түнде -17-25°С-қа дейін, күндіз -8-13°С-қа дейін, ал еліміздің шығысында түнде -30°С-қа дейін, күндіз -18°С-қа дейін төмендейді. Қарашаның үшінші онкүндігінде аяздың әлсіреуі күтіледі. 

Еліміздің батысы, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жаңбыр мен жылбысқы қар түрінде жауын-шашын жауады. Ең жылы күндер айдың бірінші жартысында болжанады, күндіз ауа температурасы +10+18°C-қа дейін жоғарылауы мүмкін, алайда қарашаның екінші жартысында температура фоны түнде -5-17°C, күндіз -2-7°C-қа дейін төмендейді. Үшінші онкүндікте күн қайтадан жылынады.

Талқылау