Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қаланы абаттандыру бойынша 21 млрд теңгенің келісімі менің атыммен байланысты емес - Шымкент әкімі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Шымкент қаласының әкімі Марат Әйтенов қаланың қоқысқа батып жатпағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Брифингте әлеуметтік желілерде тұрғындардың қаланы абаттандыруға қатысты көптеген шағымдары бар екені айтылды. Тұрғындардың айтуынша, Шымкентті қоқыс басып жатыр. Сонымен қатар, 2016 жылдан бастап 21 млрд теңгеге жуық сомаға 80 шарт жасасқан "Жасыл жер" компаниясын қала әкімінің есімімен байланыстыратындар бар көрінеді. БАҚ өкілі Мұрат Айтеновтен бұл мәлімдемеге түсініктеме беруін сұрады.

Қала әкімі “Шымкенттің қоқысқа батып жатқаны туралы” ақпаратты жоққа шығарды. 

"Бізде қаланы тазарту және көгалдандырумен айналысатын коммуналдық компания әлі анықталған жоқ. Алты компания бір-бірін сотқа берді. Жақында ғана жеңімпаздар анықталды. Алайда, мен өзім қаланың қоқысқа толып кеткенін көріп тұрғам жоқ",  – деді Мұрат Әйтенов.

Шымкент әкімі сондай-ақ 21 млрд теңгеге 80 шарт жасалғаны туралы ақпаратқа түсініктеме берді. 

"Бұл ақпаратты растамаймын. Маған ешқандай байланысы жоқ. Барлығы конкурс бойынша өтеді. Компаниялар бір-бірін сотқа берді. Сот жеңімпазды анықтады. Олар (компаниялар) қазір жұмыс істейді. Жақсы компаниялар неғұрлым көп болса, қала соғұрлым жақсы болады. Қала тазалағы артады. Бұл “Жасыл жер” компаниясы тендерді тек бір аудан бойынша жеңіп алды. Қалғандары бойынша басқа компаниялар жеңіске жетті. Біз оның қалай жұмыс істейтінін тексеретін боламыз. Байқауда жеңімпаздар анықталады. Біздің міндетіміз – оларды тексеру. Егер олар ойдағыдай жұмыс атқармаса, біз айыппұл саламыз. Егер одан нашар істесе, біз сотқа жүгінеміз, олар қара тізімде болады. Өткен жылы екі компания қара тізімге енді", – деді Мұрат Әйтенов.

Айнұр Мұхади
Жұма, 01 Шілде, 2022 13:28
Талқылау