Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қала тұрғындарын толғандыратынын білемін": Сағынтаев Алматы ауасының сапасы туралы

Алматы әкімі қаланың үкіметтік емес ұйымдар басшыларымен кездесу өткізді. Бақытжан Сағынтаев экология мен ауа сапасы мәселелерін көтерді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Бұлардың (экология мен ауа сапасы – ред.) қаланың барлық тұрғындарын толғандыратынын білемін. Сондықтан қалалық ЖЭО-2-ні газға көшіру мәселесін жіті зерттеуді жоспарлаудамын. Осыған орай экология саласында қоршаған ортаның залалдануымен күресуде және қаланы жасылдандыруда сіздердің қолдауларыңыз маңызды», - дейді Сағынтаев.

Сонымен қатар кездесуде қоғам қауіпсіздігін және тәртіпсіздік пен құқық бұзушылыққа нөлдік төзімділікті күшейтудің, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың оның ішінде ПИК-тердің жұмыстарын жолға қоюдың, сонымен қатар қала бюджеті шығындарының жариялылығының, көпбалалы отбасыларға әлеуметтік көмек көрсетудің, еңбекпен қамтудың, жастардың демалысын ұйымдастырудың және басқаларының актуалды мәселелері сөз болды.

Талқылау