Күйеуінің арқасына мініп алған Салтанат Бақаева желіні шулатты (видео)
Салтанат Бақаева желіде қызықты видеосымен бөлісті. Онда күйеуі Салтанатты арқасына салып арқалап барады.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Желідегілер Бақаеваға қызыға қарады. Көпшілік Салтанаттың күйеуі Нұржанның әрекетіне сүйсінді. Ал кейбіреулер мұндай нәрселерді елге көрсеткен ұят деп сынады.
“Алтын жұп, бірге ұзақ әрі бақытты ғұмыр кешіңіздер”, “Тіл-көзден сақтасын, осылай қартайғанда да еркелетсін”, “Қандай әдемі әрі шынайы, бақытты болыңдаршы”, “Ауыздағы сағызды алып тастау керек еді немесе қатты шайнамау керек еді”, “Еркелесе өз күйеуі ғой”, – деп пікір білдірді желі оқырмандары.
Жіберіп алмаңыз:
Шоқан Маратұлы келіншегімен бірге бүкіл Еуропаны араламақ
Жан Ахмадиев: BALA-ның «Қазақстанда әдемі қыздар жоқ» деп айтқаны рас. Дәлелдей аламын
Бибігүл Төлегенова: Қазақ жігіттері байыса, 4-5 бала туған әйелін керек қылмайды
Жан Ахмадиев: Анамның айықпас дертке шалдығуына тек шындықты сүйетін өзімді кінәлаймын