Бибігүл Төлегенова: Қазақ жігіттері байыса, 4-5 бала туған әйелін керек қылмайды

Соңғы кездері отандық шоу-бизнесте орын алған оқиғалар елді дүр сілкіндірді. Танымалдар арасында біреудің отбасын бұзып, бала тауып жатқандар көбейді. Ал бірінші әйелі мен бірнеше баласын тастап кеткен ерлер елдің қаҺарына ұшырады. Бұл ретте Бибігүл Төлегенова бала-шағасын тастап кеткен ерлерді сынап тастады.

1496138317_tumblr_np84itkxk21tar0kwo2_1280

Бұл туралы Төлегенова “Астана” арнасының “Ел аузында” бағдарламасына берген сұхбатында айтты, деп жазады Stan.kz.

«Қазақ байыса қатын алады, өзбек байыса үй салады дейді. Сол сияқты біздің қазақтың жігіттері байыса, бұрынғы 4-5 бала туған әйелі оған керек болмай қалады. Оған жасырақ керек, кішкене әдемі болу керек. 1-2 бала туғаннан кейін оның кім болатынын ойламайды», – дейді ол.

Бибігүл Ахметқызының айтуынша, қоғамда бірнеше баласын тастап кететін әйелдер де көбейген.

“3 емес, 5-6 баламен тастап кетіп жатқандарды да көрдік. Қазіргі заманда әйелдердің өздері де тастап кетіп жатыр. Ол енді сәнге айналған”, – дейді ол.

Жалғызбасты аналардың мұңын Төлегенова жақсы түсінеді. Себебі әншінің анасы небәрі 25 жасында 7 баламен жалғыз қалған. Ол аз десеңіз, Төлегенованың өзі де үш баласын жалғыз өзі жеткізген.

«Анамыз 7 баламен 25 жасында қалды, далада қалды. Әкеміз 1937 жылы атылып кеткеннен кейін, бізді далаға қуып шықты. Күзде тізеге дейін қар түскенде біз анамызбен сүйретіліп Қатон-Қарағайдан Семейге келдік. Анамыз өте көп қиыншылық көрді.

Ал енді өзімнің жеке өмірімде де бағым ашылған жоқ. Үш баламен жалғыз қалдым, сол үш баланы жалғыз өзім көтердім. Не істесем де, әйтеуір жұмыс істедім, асырадым, өсірдім. Сол балалардың бәрін көтердім, бәрі де білім алды. Сондықтан балаларын тастап кеткен жас келіншектерді ойлаймын, әуелі тақымын қысып отыру керек қой», – дейді бұлбұл әнші.

Жіберіп алмаңыз:

Қарақат Әбілдина қызына “бесікке бөлеу” рәсімін өткізді (фото)

Мақпал Жүнісованың жаңа әні тыңдармандарды тәнті етті (видео)

Димаштың Астанадағы концертінде қандай әлем жұлдыздарының ән салатыны белгілі болды

Димаш Құдайберген өзінің фанаттарының арасында конкурс жариялады (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
13.12.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар