Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Димаштың Астанадағы концертінде қандай әлем жұлдыздарының ән салатыны белгілі болды

27 маусымда ЭКСПО 2017 халықаралық көрмесінің аясында Астанада өтетін Димаш Құдайбергеннің концертінде кімдердің қатысатыны белгілі болды.

787878

Әнші Инстаграмдағы парақшасында 27 маусым күні “Астана-Арена” стадионында өтетін Bastau live show концертінің афишасын жариялады.

Димаштың концертінде танымал ресейлік әнші және актриса Кристина Орбакайте және “Евровидения-2012” жеңімпазы Лорин қатысады.

“Менің #АстанаАрена-да өтетін #Bastau кешіме аз күн қалды! Шығармашылығымды қолдап, бата беруге асыққан мыңдаған көрерменіме ризамын! Шоу концерт алдында этика бойынша құрметті қонақ болып қатысқалы жатырған әншілерді таныстыруға рұқсат етіңіздер! Әр менің кешіме келген қонақ – Еліміздің қонағы, Сіздің үйге келген қонақ деп қабыл алыңыз! Шын жүрекпен, достық ниетпен қарсы алайық!” – деп жазады әнші.

Бұған дейін Димаш “Славян базары” ән байқауында “Опять метель” әнін орындаған. Бұл әнді бұрын Кристина Орбакайте мен оның анасы Алла Пугачева орындаған болатын.

Сондай-ақ, ән кешінде опералық әнші Майра Мұхамедқызы, қытайлық Терри Лин және британиялық Софи Эллис-Бекстор ән салады.

Оқи отырыңыз:

Айсұлу Әзімбаева сүйіктісімен бір фильмге түскенін айтып сүйінші сұрады

Баян Нұрмышева сүйіктісіне арнаған әнін гитарамен орындап берді (видео)

Бағлан Әбдірайымов Қытайда болған қызықты оқиғасын айтып, жұртты күлкіге қарық қылды

Ерке Есмахан ұлына маза бермеген желі қолданушыларымен ұрысып қалды

Талқылау