Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бағлан Әбдірайымов Қытайда болған қызықты оқиғасын айтып, жұртты күлкіге қарық қылды

Бағлан Әбдірайымов студенттік шақта жақсы дос болған Әсел есімді группаласы туралы айтып берді. Екеуінің достықтарының беріктігі соншалық, бір-біріне боғауыз сөздер айтса да, ренжімейді екен. Осы орайда, ол Қытайда болған қызықты оқиғасын бөлісіп, жұртты күлкіге қарық қылды. Кейбіреуі мұны оғаш қылыққа балап жатты.

18950446_1879858629004466_6878210096694820864_n

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

“Қытай еліне барған сапардың қызықты бір сәтімен бөлісейін. Әсел есімді группаласыммен жақсы дос болдым. Жақын дос болғанымыз соншалық, бір-бірімізге “к…т” деп сөйлей беретінбіз. Оқуды бітіріп, бірнеше жылдан соң жолығып қалдық. Мен әнші болып Алматыда жүрдім. Әсел білімін жалғастырып Қытайға кетіпті. Тілді меңгеріп сол жақта жұмыс жасап жүр екен. Сонымен не керек, қытайға баруым керек болды. Керек заттарымды тауып беріп, көмек беретін болған соң Қытайға шығатын болдым. Үрімжіден бері қайтып жүрген маған, ішкі Қытай қызық әрі қорқынышты болды. “Әсел, мені кім күтіп алады? Қалай болады? Мен тіл білмеймін” деп әбден қиналдым.

Ол  “Маған келе бер, күтіп аламыз” деп сендірді. Содан не керек, Үрімжі арқылы сегіз сағат толған Қытаймен жалғыз қазақ ұшып кеттік. Жол бойы уайымдап әйтеуір жеттім. Әуежайдан толған күтіп алушылардың ішінен танысымды таппадым. Әріректе бір Қытайдың ақ қағазға жазылған жазуына көзім түсіп кетті. Таныс жазу деп жақындасам, үлкен әріппен “Қош келдің, К..Т!” деп жазып Қытайды жіберіпті. Жолдан шаршап келген маған күтпеген жағдай болып, айқайлап күліп жібердім. Мені күтіп алған Қытай да мәз. Ақ қағазға не жазылғанын ол қайдан білсін?! Осындай қызықты сәттер болып еді. Жәй есіме түсіп кеткен соң, түртіп қояйын деп едім”, – дейді Бағлан Әбдірайымов.

Аталған жазба желі қолданушыларының біріне ұнаса, енді екіншісіне анайы көрінді. “Группаласыңыз қатырған екен”, “Бір рахаттанып күлдім-ау”, “Ана сөзді сәл сыпайы жазуға болады ғой”, “Жақсы әзіл екен. Сонымен досыңызбен кездестіңіз бе?”, “Мұны бәріне бекер айтқан жоқсыз ба? Енді сізді бәрі осылай атап кетіп жүрмесін” деп жазады олар.


Жіберіп алмаңыз:

Ерке Есмахан ұлына маза бермеген желі қолданушыларымен ұрысып қалды

Баян Есентаева өзі туралы кино түсірмек

Баян Есентаева өзін тарихтағы танымал адамдармен салыстырды

Баян Есентаева кітабының бағасы мен түскен қаражатты қайда жұмсайтынын айтты

Талқылау