Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жан Ахмадиев: Анамның айықпас дертке шалдығуына тек шындықты сүйетін өзімді кінәлаймын

Үнемі жанжалдың ортасында жүретін заманауи жырау Жан Ахмадиевтің анасы ауыр хал үстінде жатыр. Бұл туралы рэпердің өзі Stan.kz-ке берген сұхбатында айтқан болатын.

ахмадиев мамасы рак ауруы

«Бүгінгі таңда шығармашылығым тоқтап тұр. Себебі, рэп жазуға көңіл-күйім жоқ. Анам қатерлі ісік ауыруына шалдығып қалды. Бұл дертке ем жоқ екенін білесіздер. Қазір бәрімізге ауыр тиіп жатыр», – дейді ол.

Өнер иесі мұндай қайғыға тап болғанын өз шығармашылығымен байланыстырып отыр.

«Мен рэпім арқылы біраз адамның қарғысына ұшырадым. Шындықты шырылдата айтамын деп шешінген қыздардан бастап, шіріген шенеуніктердің шымбайын бастым. Мүмкін сол жандар қарғаған болар. Қалай болғанда да, бұл тағдырдың тәлкегі, Алланың ашуы деп ойлаймын.

Жан Ахмадиев анасын Корей еліне апарып емдеткен. Айту керек, сазгер Нұрлан Еспановтың жары Жанар Еспановаға да дәл осындай диагноз қойылған екен. Үш баланың анасы да Корей елінде ем қабылдап қайтқан. Әнші сүйгенін сырқаттан құтқару үшін 20 000 АҚШ долларын жұмсапты.

8031f47b-eb86-468c-9e2b-61aa9fb95abc

Үнемі эфирден түспейтін шоумен соңғы кезде көзден таса болғаны рас. Міне, оның себебі енді айқындалған сияқты. Жақында ғана әже атанған Жанар ханымның жағдайы жақсы бүгінде. Көрінбей кеткен Еспанов мырзаның көңілі орнына түсіп, түсірілімдерге қатыса бастады. Бүгінгі таңда Жан Ахмадиевтің анасы да, Нұрлан Еспановтың жары да қалыпты өміріне қайта оралған-ды.

Ескерту! Материалды көшіріп басу үшін сізде Stan.kz редакциясының хат түріндегі рұқсаты болуы шарт! Ал эксклюзивті материалдарды  жарияланған уақыттан 24 сағат өткен кезде ғана алуға болады!

Жіберіп алмаңыз:

Атам имам болған деп жар салған Луина Рамазан айында жалаңаштанып, жұртты ашуландырды (фото)

Бибігүл Төлегенова: Қазақ жігіттері байыса, 4-5 бала туған әйелін керек қылмайды

Қарақат Әбілдина қызына “бесікке бөлеу” рәсімін өткізді (фото)

Димаш Құдайберген өзінің фанаттарының арасында конкурс жариялады (видео)

Талқылау