Жан Ахмадиев: BALA-ның «Қазақстанда әдемі қыздар жоқ» деп айтқаны рас. Дәлелдей аламын

Дүйсенбі, 19 Маусым , 2017 13:48

Күні кеше тыңдармандары Ninety one тобының әншісі BALA-ның «Қазақстанда әдемі қыздар жоқ» деген сөздерін естіп шулаған болатын. Әншінің өзі мұның монтаж екенін айтып ақталды. Алайда журналист Жан Ахмадиев видеоға монтаж жасалмағанын айтып жатыр. Тіпті, осы орайда видеоны арнайы мамандарға тексерте алатынын жеткізді.

18722723_1374499482596747_1356760966007619584_n

Бұл туралы рэпер Stan.kz тілшісіне берген сұхбатында айтып берді.

– BALA-ның «Қазақ қыздары әдемі емес» деген сөздері монтаж ба? Әлде бағдарлама барысында солай айтты ма?

– Әрине, ол мұны монтажға балап ақталады. Мен де, мысалы, біреуге “Сен жындысың” деп алып, артынша мойындамай кетуім мүмкін. “Қазақстанда әдемі қыздар жоқ” деген сөздер оның аузынан шықты. Қаласаңыздар, видеоға экспертиза жасатуларыңызға болады. Оның үстіне “Қазақстанда әдемі қыздар жоқ” деген сөздерді қалай жалғай аламын?! Видеодан жалғанған тұстар жыпылықтап білініп тұрады. Бір планкада ешнәрсе өзгермегенін өздеріңіз байқаған шығарсыздар?! Артынша Асыл ханым маған хабарласып, өтініш білдірді. BALA-ның балалық жасап қойғанын айтты. Ол да “Мен дұрыс айтпадым. Қайтадан айтсам бола ма?” деп сұрады. Біз оған қайтадан айтқызған болатынбыз.

Бірақ, артынша бірінші видеоны өзгертпеуді жөн көрдік. Аузынан шыққан сөз болған соң, жауап беруі тиіс. “Жан Ахмедиев Ninety one-нан кешірім сұрады” деген сөздер “қанымды басыма шығарады”. Мен ешқашан да 91-дің балаларынан кешірім сұраған жоқпын. Кешірім сұрамаймын да, сұрағым келмейді де. Жалпы мен олардың киімдерін ғана сынаған болатынмын. Әнші ретінде кәсібиліктеріне тиіспедім. Оның үстіне мен кешірім сұрайтындай олар соншалықты кім еді?! Керісінше “Осындай жалған ақпарат тарап жатыр” деп менен кешірім сұраулары керек емес пе?! Ешкім ешкімнен кешірім сұраған жоқ. Бірақ, тағы да айтамын мен олардың кәсібиліктерін қатты сыйлаймын. Тек киімдері мен дәретханада отырып ән айтқан бейнебаяндарына сыни көзбен қараймын.

Ескерту! Материалды көшіріп басу үшін сізде Stan.kz редакциясының хат түріндегі рұқсаты болуы шарт! Ал эксклюзивті материалдарды  жарияланған уақыттан 24 сағат өткен кезде ғана алуға болады!


Жіберіп алмаңыз:

Мәдина Сәдуақасова 3 жасқа толған ұлына патшаның киімін кигізді (фото, видео)

Ұлдарына еден жуғызған Қыдырәлі Болманов желідегілерді таңғалдырды (видео)

Жан Ахмадиев: Анамның айықпас дертке шалдығуына тек шындықты сүйетін өзімді кінәлаймын

Бибігүл Төлегенова: Қазақ жігіттері байыса, 4-5 бала туған әйелін керек қылмайды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

2
Комментариев
  • Anonymous says:

    Қақылдап қалған қасқа екенсің. Əйтеуір өздеріне РR жасағысы келсе 91ге тиіседі. Айтса да , айтпаса да 91-ді жақсы көреміз. Күе жағп берулеріңді доғарыңдар. Ішің күйгендер тқз жаласын…

  • Anonymous says:

    Мля Жан Ахмадиев пиар керек пе саған. Неменеге былтырғы əңгімені қозғап жатсың сорлы! Болды қойсай! Сенің сөзіңе ешкім сенбейді уже.

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
18.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар