Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Күндізгі 30 минуттық ұйқының сізді бақытты ететінін білесіз бе?

Бақыттың кілті неде екенін білесіз бе? Ал күндізгі уақытта 30 минутқа ұйықтап алудың өміріңіз үшін пайдасы мол екенін ше? Күндізгі жарты сағаттық ұйқы көңіл-күйіңізді 66℅-ға дейін жақсартады. Маргарет Тэтчер мен Уинстон Черчилль күндізгі уақытта ұйықтауды жасқы көрген болатын.

woman-2197947_960_720

Бұл туралы The Daily Mail басылымы хабарлайды.

Ғалымдар күндізгі 30 минуттық ұйқының адам денсаулығы үшін пайдасы мол екенін анықтады. «Қысқа уақыттың ұйқы шығармашылық белсенділігіңізді арттырады. Мұнымен қатар, ол бақытты болуыңызға септігін тигізеді», – дейді Хартфордшир университетінің профессоры Ричард Вайзман.

Алайда тым көп ұйқы кері әсерін тигізуі мүмкін. Сол себепті, жарты сағат уақытқа оятқыш қойып қою қажет. Эдинбургтегі Халықаралық Ғылыми Фестиваль өткізген зерттеуге 1 000-нан астам адам қатысты. Зерттеуден кейін, жарты сағат ұйықтағандардың 66℅-ы өздерін жақсы сезініп тұрғандарын айтқан. 18-30 жас аралығындағы қатысушылардың 43℅-ы көбірек ұйықтауға тырысқан екен.

Жұмыс арасында ұйықтап алу арқылы белсенділікті бірнеше есе арттыруға болады. Ben & Jerry, Google сынды алпауыт компаниялар қызметкерлеріне арнап кеңсеге жатын орындар жасаған», – дейді профессор Вайзман.

Күндізгі ұйқының уақыты созылып кеткен жағдайда адамның жүрегі ауыратын болады. Бұрынғы премьер-министрлер Уинстон Черчилль мен Маргарет Тэтчер түнде 4 сағат ұйықтаса да, күндіз мызғып алатындарын айтқан.


Жіберіп алмаңыз:

Күйеуіңізге сөзіңізді өткізгіңіз келсе…

Жақсы ана болудың 30 ережесі

Үйдің кенжесі неге ақылды болады?

Индонезиялық қалыңдықтың «таңғажайып» көйлегі жұртты тәнті етті (фото)

Талқылау