Күйеуіңізге сөзіңізді өткізгіңіз келсе…

Жексенбі, 30 Сәуір , 2017 14:55

Кез келген әйел ерінің өзін алақанына салып аялағанын қалайды. Алайда шынайы өмірде бұл сценарий үнемі жүзеге аса бермейді. төмендегі жаман әдеттерден аулақ болып, жақсысын бойыңызға сіңіру арқылы жолдасыңызға сөзіңізді өткізе аласыз.

address-1822449_960_720

Бұл туралы Islam.kz сайтында жазылды.

Алдымен, төмендегі жағымсыз әдеттерден сақ болыңыз:

1.     Бопсалау деген басты қателік. Сезіммен бопсалау тығырыққа тірейтін қатынас. «Мен саған бала тудым, мені бағу міндетің», «нағыз еркек олай істемес еді»,  «сен қалауымды істемеген соң жағдайым нашар» деген сияқты тіркестер өмірде жиі кездесетін шығар? Олар еркекке қаншалықты әсер етеді? Сұмдық әсер етеді. Мұны айтқан әйелді еркек бір сәтте жек көріп кетеді. Бұл сөздер әрбір еркектің ашуын келтіріп, қырсықтығын қоздырады. «Мұндай еркеліктен соң қарым-қатынас мүлде үзіледі немесе өзінің деңгейін «түсіреді. Сондықтан нәзікжандылар еркектің бойынан кінәлі сезімді, ашуды тудыратын, салын суға кетіріп, үрейге орын беріп, ұялтатын манипуляцияны доғаруы тиіс.Мұндай сөздердің өмірде еш пайдасы жоқ. Олар тек арадағы нәзік сезімді жоюға жұмыс жасайды. Еріңіз өтірік айтып құтылатын болады. Мінезі ұсақтала береді» дейді психолог, гештальт-терапевт Татьяна Гавриляк.

2. Күйеуіңізді өзге еркекпен салыстырмаңыз. Оны ұялтам деп ашуына тиесіз. Ашуға булыққан еркек оны әйелінен алады. «Күйеуіңізді өзгемен салыстырмаңыз. Ешқашан.Салыстырғанды естіген еркек өзін жер бетіндегі жалғыз еркек деп танитын әйелді іздей бастайды», — дейді психолог.

3. Ұрыс шығармаңыз. Көз жас еркекті ұстап тұратын бірден­-бір тұсау сияқты көреді кей сұлу. Бастапқыда мұндай тәсіл жемісті болғанмен, кейін ол әсер етпейтін болады. «Еркек көз жаспен өзін ноқталағысы келгенді ерте ме, кеш пе түсінеді. Содан кейін әйелдің көз жасы оған еш әсер етпейтін болады. Ол тек еріксіз еркекті сізден алшақтата түседі», — дейді Татьяна Гавриляк.

4. Оның тілінде сөйлеп әуре болмаңыз. Күйеуге жанында тағы бір еркектің қажеті жоқ. Еркекше сөйлеудің жөні бөлек, әйелше сөйлеудің мәнісі бір бөлек. Нәзікжандылардың күйеуімен еркекше сөйлесуінің еш мәні жоқ. Бәрібір керек сөзді таба алатыны күмәнді. Одан да болмысыңызды сақтап, нәзік болып қала беріңіз. Табиғатқа қарсы келудің «қажеті шамалы. Тиімді болмасы анық.

5. Еркекті басқармаңыз.  Еркекті жұмсау өте қауіпті тірлік. «Сатып ал, апарып кел, тастай сал» дегендер сөздік қордан алынуы керек. Сенімді еркекке бұл әсер етпейді. Ал, әсер еткеннің өзінде оның нәтижесі көңілден шығатындай болмасы хақ. «Алып кел, бере сал» деп еріне сөйлеген әйел кез келген сәтте жеңіліс табуы мүмкін: «Әйелдер — ерекше адамдар. Біріншіден, олар өзі басқарғысы келетін еркекті іздеп, тауып алады. Сосын өз бетіңмен шешім қабылдай алмайсың деп бұлқан-талқан болады. Отбасылық шешімді тек өзім қабылдаймын деп ренжиді. Адам бір жағына шығу керек қой: жаныңызда ақыл есі толысқан азамат болсын, бірақ оны ешқашан басқарып кете алмайсыз, яки айтқаныңызды екі етпейтін аяқ сүртетін шүберек болады» дейді психолог. Таңдау жасау қиын ба?

Еріңізді тыңдатудың басты қағидалары:

Есі дұрыс бірде-бір еркек өзін әйелге басқартпайды. Егер өзі соны қаламаса. Татьяна Гавриляк өмірлік серігіңізге тағы да бір байыптап қарауға кеңес береді. Содан кейін барып өз мүмкіндігіңізді бағалаңыз: «Кей еркек оларды әйелі басқарғанын қалап тұрады. Бала секілді. Есейгісі келмейді. Мойнына жауапкершілік алмайды. Мұндай жарға екінші ана болуға тура келеді. Бар түйткілді өзіңіз шешуге үйреніңіз. Есейген азамат өзін басқаруға жол бермейді. Дегенмен, ойды жеткізуге арналған залалсыз тәсілдер болады».

№1 ереже: сезім туралы айтыңыз.  Ерлердікіндей мықты аргумент табу қиын «болса, онда жәй ғана әйелге тән нәзіктікке жол беріңіз. Монологты мына тәртіппен айтсаңыз да жеткілікті: «жағдайды баяндау — сезімді көрсету — ұсыныс айту — сый немесе жаза». Мәселен, күйеу жұмыста кешікті делік. Әйеліне қоңырау шалып, ескертпеді. Психолог мұндай жағдайда ашуға бой алдырып, ұрыс-керіс шығармау қажет дейді. Шамамен мынадай мәтінге сүйенседе жеткілікті: «Қымбаттым, маған еш ескертпей, үйге түнгі екіде оралған кезде сені ойлап, мазасызданамын, көзім ілінбейді, қатты үрейленем, ашуланам. Кешігетін кездеріңде ескертіп отырсаң жақсы болар еді. Сонда мен кешке тамақ жасап әуреленіп, сені күтпес едім».

№2 ереже: нәзік әрі мейірімді болыңыз. «Көйлек киген еркектер тек анасының баласына керек. Есі дұрыс еркекке нағыз әйел керек. Нәзік, жұмсақ, мейірімді», — деп сендіреді Татьяна Гавриляк. Сондықтан қалауыңызды білдіргенде еріңізге бар махаббатыңызды арнаңыз. Оның күшті екенін, сіз үшін жер бетіндегі жалғыз қамқоршы екенін мойындаңыз, оның тек жақсы қасиеттерін айтыңыз. Ер адамға мұндай қарым-қатынас қатты ұнайды.

№3 ереже: дауыс пен қимылға мән беріңіз. Дауыстың ырғағы мен жай қимылдар — өте маңызды. Егер еріңізді басқарғыңыз келсе, өзіңізге де өзгеруге тура келеді. Ұрысқақ, жұлынып тұратын керіскіш әйелге еркекті басқару бұйырмаған. Ал, бұйырған болса, ол еркек әйелдің тезірек тынышталып, оның мазасын алуын доғарса деп күткеннен өзін басқартуға жол берген. «Не айтса да шынайы түрде айтып үйрену керек. Сонда ғана еститін адам естиді «өзін басқартуға жол берген. «Не айтса да шынайы түрде айтып үйрену керек. Сонда ғана еститін адам естиді», — деп қосады психолог.

№4 ереже: сіздің тілек — оның шешімі. Еріңізден қалауыңызды алудың ең сенімді тәсілі — сіздің қалауыңыз оның шешімі екендігіне сендіру. Және де оны оған сездірмей жасасаңыз нәтижесі көңілден шығарлық болады. Ол сіздің сөзіңізге құлақ асатындай ашық қимылдамаңыз. Ол бәрін өзгеден артық білетініне сенімді болса, бұл әрекеттен ештеңе шықпас. Сіз оны дұрыс пікірге итермелеп жіберсңіз ғана болды. Мысалы, демалысты сіз Еуропаға, ол Азияға барғысы келеді. Оны ойынан айныту үшін Азияда қандай ауру бары ашық жазылған мақаланы оған көрсете қойыңыз. Ойлы адам үшінші жақтың пікірін тыңдап, сізді ренжіткісі келмесі анық.

№5 ереже: алғыс айтыңыз. Оған алғысыңыз шексіз екенін білдіріп тұру керек. Қандай іс, нендей сөз болмасын, алғыс айтуды ұмытпаңыз. Келесі жолы одан қалауыңызды алатыныңыздың мүмкіндігі өсе береді. Туған күніңізге көптен күткен моншақ сыйлады ма? Өміріңіздегі ең керемет сыйлық осы деңіз. Есік алдын тазалады ма? Тамаша. Сен болмасаң, қайтер едім деу керек. «Еріңіздің сіз үшін жасаған әр майда-шүйде істің маңызын ескеріп, шынайы алғыс айтуды үйреніңіз. Көбіне әйелдер ері оған бәрін жасап беруге міндетті деп қабылдайды. Шын мәнінде ешкім ешкімге ештеңе міндетті емес. Сондықтан күйеудің әр ісі алғысқа татырлық», — деген сенімде Татьяна Гавриляк.

№6 ереже: әлсіздігіңізді жасырмаңыз. «Қымбаттым, бойың ұзын ғой, жуған кірді жайып берші, бойым жетпей жатыр» деген сөздің тиімділігі «Ана кірді жайшы, онсызда түк бітірмейсің» дегеннен артық екені рас. Ер адамға өзінің керектігін сезіну өте маңызды. Бұл істі одан басқа сіз үшін ешкім істеп бере алмайтынын білу көңілін тоқ етеді. Оның мықты жақтарына айтар мақтау сөздерді абайлап қолдану керек дейді психолог. «Ер адам үшін ол бағалы пікір. Бірақ «сен мықтысың, мен әлсізбін» деген ұстанымды шектен шығармау керек. Сөмкемді ұстай тұршы дегенді ол еркелік деп қана түсінеді. Ал, үйде бірдеңе бұзылса, соны жөндеу нағыз еркектің ісі. Мұндай кезде оған алғыс айтуды ұмытпаңыз». Күйеуді бойындағы бар қасиеті үшін мақтаңыз. Бос мақтаннан сақтаныңыз.

Қарым-қатынастағы манипуляция — өте нәзік құбылыс, оған үнемі мұқият болу керек: ерін басқарып, айтқанын істеткізу тілегі ерте ме, кеш пе араға жік салады. Мұрнынан тесіп, жетектеу кімге абырой әпереді? Ал, айыбы жоқ айланың аз-кем көмегі болары рас. Жұбайлық өмірді жеңілдетіп, екеуара сыйластықты нығайтары сөзсіз.


Жіберіп алмаңыз:

Жақсы ана болудың 30 ережесі

Үйдің кенжесі неге ақылды болады?

Индонезиялық қалыңдықтың «таңғажайып» көйлегі жұртты тәнті етті (фото)

Бразилиялық азиатқа ұқсау үшін 10 рет ота жасатқан (фото)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
14.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар