Күйеуі Роза Әлқожа гәстрөлге кеткенде тамақты кім жасайтынын ашып айтты
Айдын Қаба үй шаруасында кімнің қандай рөл атқаратынын ашып айтты.
Бұл туралы «Әйел бақыты» бағдарламасында айтылды.
Өткен жылы Роза Әлқожа күйеуіне тоқал алуға рұқсат бергенін айтып жұртты шулатқан-ды. Осыдан кейін жұрттың жұлдызды жұптың отбасына деген қызығушылығы арта түсті. Осы орайда, Айдын Қаба әйелі гәстрөлдік сапарға кеткен кезде, тамақты кім әзірлейтінін ашып айтты.
«Кім бірінші ұйқыдан тұрса, сол балаларды мектепке оятады. Астанаға келгелі мектеп жанымызда. Оятсақ, балалардың өздері мектепке барады. Таңғы ас, асхана дегендерге Роза иелік етеді. Гәстрөлдік сапарға кеткен кезде, өзінің сіңлілері, балаға қарайтын адамдар тамақ жасайды. Қазір республикалық «Алаш айнасы» газетінде жауапты хатшымын.
Өз басым Розаны екі жаққа тең қарайды деп ойлаймын. Мұны мен айтпасам да, өзі жақсы біледі. Оған арнайы шарт қоймаймын. Біздің отбасымызда барлығы ситуацияға қарай шешіліп отырады. Роза әйел заты болғандықтан, ренжігіш келеді. Кейін еркелей түседі. Шығармашылықтың адамы болғандықтан, бұл еркеліктерін көтеремін», – дейді Айдын Қаба.
Жіберіп алмаңыз:
Бүлдіршіннің тұсауын кескен Баян Есентаева көпшіліктің сынына ұшырады (видео)
Ақбота Керімбекова тұрмысқа шықты (фото)
Димаш Құдайберген Singer-дің 9-кезеңде екінші орын алды (фото)