Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Димаш Құдайберген Singer-дің 9-кезеңде екінші орын алды (фото)

Димаш Құдайберген “I am a Singer” байқауының 9-кезеңінде екінші орын алды.

Димаш 9 кезен

Бұл туралы қытай әлеуметтік желілері жарыса жазуда, деп хабарлайды Stan.kz.

Димаш бұл кезеңде әлемге әйгілі Селин Дионның “All by myself” әнін орындаған. Лирикалық, сырға толы ән біздің тілімізге “Жалғыз қалдым” деп аударылады.

Бұл кезеңде бірінші орын қытай әншісі Ли Джи Янға бұйырған. Ал біздің Димаш келесі айналымға өтіп, жанкүйерлерін қуантты.

Бұдан бөлек, жоба түсіріліміне қатысқан жанкүйерлер Димаштың денсаулық жағдайының жақсарғанын хабарлады.

Димаш 100317

Айта кетейік, алғашқы эфирден бері жобада Димашпен бірге небәрі екі әнші қалған. Әр апта сайын ең соңғы орынды иеленген өнерпаз бәйгеден шығып, келесі айналымда оның орнына басқа әнші қосылады. Орта жолдан қосылса да, жаңа қатысушының өзгелермен құқығы бірдей.

Димаштың орны

Айта кетейік, ертең, 11 наурыз күні байқаудың 8-кезеңі эфирден көрсетіледі. Онда Димаш танымал қытай әнін орындайды. Есте болса, науқастанып қалған Димаштың бұл кезеңде бесінші орын алғанын жазған едік.

Жіберіп алмаңыз:

Димаш қазақтың «Дайдидауын» Азия әндері рейтингіне енгізді

Қытайлық жанкүйерлері ерекше тосынсый жасап Димашты таңғалдырды (фото)

Димаш танымал Beauty Secret брендінің ресми өкілі атанды (видео)

Димаштың ханзада кейпіндегі портреттері желіні “жаулап алды” (фото)

Димаш: Бүгінгі қыз – ертеңгі Ана, ал әлемді тек сіздер ғана тербете аласыздар

 

Талқылау