Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақбота Керімбекова тұрмысқа шықты (фото)

Әнші Ақбота Керімбекова өзі жайлы шулы видеоның қайда және қалай болғанын Stan.kz тілшісіне ашық айтты.

той

Әншінің өмірінде оң өзгерістер де болып жатыр. Жұрт шулаған болжам яғни Ақботаның тұрмысқа шыққаны рас екен.

Алдымен шулы видеоға қатысты әнші болған жайтты ашық әңгімелеп берген еді.

«Ол жағдай үш немесе, төрт жыл бұрын болған. Нақты есімде емес. Менің қасымда әріптестерім де болды. Барлығымыз Талдықорған қаласына тойға шақырту алғанбыз. Той ұйымдастырушы жігіт, өзімнен төрт жастай ма кіші болса керек, жас бала. Күтіп алған сәттен-ақ, амандық-саулық сұраспады.

Мен қасымдағыларға, ана жігіттің бізді менсінбей тұрғанын айттым. Ондай адамдарды  пасық дейді. Сосын, көлікте осы туралы сөйлесіп, арамызда түсініспеушілік туындады. Түсініспеушілік дегенде ұрыс ештеңе болған жоқ. Тек ана жігіттің адамдық қасиетіне күмәнім болды. Содан той болды, әнімізді салдық. Кетейік десек, ақымызды бермейді. Ол жерде тек мен емес, барлығымыз гонорарымызды әрең алдық деп айта аламын. Ия шу шықты»,-дейді әнші.

Видеоны тамашалаған жұрт түрлі пікірлер жазды. Көпшілігі әншіні тойға шақырып, адал ақысын бермей әурелеп қана қоймай, болған жағдайды желіге жүктеген жігіттерді айыптады. Ал, кей оқырман әншіні ішімдік ішкен деп ойлапты.

« Мен әрине адал еңбегім үшін күрестім. Менің табысыма қарап отырған балаларым бар. Тойға шыққаным үшін ешкімнің алдында айыпты емеспін. Келісім бойынша 3 мың АҚШ долларын төлеуі керек болған . Мүмкін менің ақымды сол ұйымдастырушылар әуреге сала отырып, иемденіп алмақшы болған шығар. Ол менің адал еңбегім. Сондықтан талап етуге құқылымын. Ал, мені ішімдік ішті деп әңгіме ету дұрыс емес.

Ол адамның жеке басының ісі. Одан қалса видеода мен аяғымнан тұра алмай, ұятты қылық жасап тұрған жоқпын. Оны жасырын түсіріп алған жігіттерде де ұят жоқ екен. Оларды Аллаға тапсырдым, жазаларын өзі берсін. Ол кісілерге айтарым, біреуге ор қазғанша, өз амандықтарын тілеп жүрсе екен. Мен тек балаларымның болашағына алаңдаймын. Олардың тәрбиесіне осындай дүниелер кері әсерін бермесе екен деймін. Сондықтан да, халқым, бір затты көргенде ақиқатын білмей жатып жамандыққа жорып, таратуға асықпаңыздаршы.  »,-дейді әнші.

Ақбота Керімбекова бұл видеоны түсірген әрі таратқан адамдарды іздеп, жазаға тартуға да уақытын қимайтынын айтты. Себебі, әнші қазір бос уақытын отбасына , қуанышты сәттердің қызығына бөлгісі келеді. Ақботаның өміріндегі жұрт болжаған жаңалық та рас болып шықты.

«Ия жұрттың шулайтынындай бар, расымен де мен теңімді тауып, тұрмысқа шықтым. Сіздерге бірінші рет айтып отырмын. Тойымыз әлі болған жоқ. Алдағы оразадан кейін, жақын адамдарымыздың ортасында атап өтуді жоспарлап жатырмыз»,-деді әнші.

Жұрт бұған дейін Ақбота мен Абай Бегейдің дуэттері мен суреттеріне қарап, оларды қосып та үлгерген болатын. Әншіден күйеу жігіттің кім екенін де сұрап көрген еді.

“Біз Абай Бегей екеуміз өнерде жақсы әріптеспіз, жақсы доспыз. Бірақ менің жарым мүлде басқа адам. Әрине өнерге қатысы бар. Бірақ ондай танымал емес. Есімі Рауан болады”,- деді әнші.

Оқи отырыңыз:

Күйеуімен Норвегияға көшіп кеткен Ақкенже Әлімжан қуанышты жаңалығымен бөлісті

13 жаста тұрмысқа шыққан анаға 51 шөбересі тосын сый жасады (фото)

Төрт баланың анасы өмір бойы күйеуінің көзіне шөп салып келгенін айтып өкінді

Франциялық басылым: “Қытайлық тележоба қазақтың шоуына айналды”

Ақшасын ала алмаған Ақбота той иесімен жанжалдасып қала жаздады (видео)

Димаш танымал Beauty Secret брендінің ресми өкілі атанды (видео)

Димаш Құдайберген 9-кезеңде әйгілі Селин Дионның әнін орындайды (видео)

Талқылау